Бүгінгі күні аудандық кітапханада ұлттық құрылтай қатысушысы, журналист, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері,»Отбасын қолдау орталығы» КММ басшысы Ләззат Таймырқызы Қожахметовамен кездесу кеші өтті. Шара барысында құрылтайда көтерілген мәселелер және олардың шешімдері жөнінде сөз қозғалды. Шара қатысушылары әлеуметтік маңызы бар сұрақтар қойып, тиісінше жауаптар алды. Шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы, аудандық аналар кенесінің төрайымы.
» Шаңырақ» көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау орталығының кеңесшісі, музей қызметшілері, кітапханашылар қатысты. Қоғамның өзекті мәселелерін көтеріп, халық пен үкімет арасындағы алтын көпір болып жүрген Л. Қожахметоваға алғыс айтылып, ұлтқа қызмет ету, қоғамның осал топтарына қамқорлық жасау, халық үнін еститін үкімет қағидатын ұстану төңірегінде ой-пікірлер ортаға салынды.