лого библиотека

Ә.Бөкейхан көшесі, 41 үй

100800, Қазақстан, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы

Biblioteka.kasym@mail.ru

Эл. почта

+7(72146) 31710

Қабылдау телефоны

Айнабұлақ ауылының кітапханасы

Айнабұлақ бөлімшесі, Қарқаралы ауданына қарасты, Балқантау селолық окруінің бөлімшесі болып саналады. Онда үш жүзге жуық халық  саны мекендейді. Колхоз кезінде, Егіндібұлақ ауданына қараған жылдары 1960-70 жылдар  аралығында  сонау Абыралы- қазіргі  Доғалаң ауылы, Кедейтеңдік қазіргі    Жыұрықұдық бригадасы, Жаңажол елді мекені, қазіргі осы Айнабұлақ ауылы.   Осы үш колхоздың басын қосып, Айнабұлақ ауылына біріктіріп үлкен   мектеп-интернатымен кітапхана салынған екен. 1947жылы Доғалаң ауылында дүниеге келген Мусина Жамал кітапханалық   жұмысты атқарды. Өкінішке орай 1984 жылы Мусина Жамал дүние салды.  1951жылы дүниеге келген Айнабұлақ ауылының тумасы Бисембекова   Тұрсын Қалиақпар қызы 1970- жылдар аралығында  кітапханалық  жұмысты  атқарды.  1980-жылы осы Айнабұлақ ауылында жаңа кітпахана бой көтерді.   1953-жылы дүниеге келген Айнабұлақ ауылының тумасы Искакова Күлпаш 1980 -жылдар аралығында  кітапханалық  жұмысты атқарды. 1968- жылы дүниеге келген Айнабұлақ ауылының тумасы Сымыкова Назгул, 1996-жылдар аралығында  кітапханалық  жұмысын жасады.

 

                 Қазіргі таңда, Бүркітті   ауылында   1974 жылы  21маусым  айында дүниеге   келген, Қасымбекова  Қазипа  Қинашқызы 1992-жылы осы Айнабұлақ ауылына тұрмыс құрып, 2003-жылы кітапханалық  жұмысқа қабылданып, 2005жылы Қарағанды Тәттімбет атындағы өнер коледжіндегі  «Кітапхана  ісін» менгеріп келді.  2011- жылы  Қарағанды Болашақ университетіндегі Мәдениеттану мамандығына қабылданып, 2014 жылы  дипломын алып, қазіргі таңда осы кітапханада жұмысын жасап жатыр.

САЙТТЫ АУДАРУ