Жарлы ауылы №4 филиал кітапханасының тарихы
Жарлы ауылдық кітапханасы 1971 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Кезінде ауыл шетінде жұмыс жасаған кітапхана қазіргі уақытта ауыл ішінде жеке тұрғылықты үй ғимаратының ортасында орналасқан. Екі жақ шетінде ауылдық амбулаторлық пункт және пошта пункты орналасқан. Жер көлемі: 26,2 кв/м. Жылу беру пеші ғимарат ішінде екі жерден жағылады.
Кітапханашы Абиева Анипа Мухатаевна 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап кітапханада қызмет атқарады. 2022-2023 оқу жылына дейін ауылда «Жарлы ауылының №9 бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыс жасаған. 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап аталмыш оқу орны қысқартылып отыр. Кітапхана қоры барлық білім салаларымен жинақталған. Ауылдағы кітапхана оқушылардың білім деңгейін көтеру және демалу уақыттарын жақсы өткізіп, оқуға әзірлену үшін мол мүмкіндік беретін орын. Ауылдық кітапхана – бұл жергілікті, ақпараттық өлкетану, өз бетімен білім алу орталығы. №236006000217 инвентарлық нөмірмен компьютер жабдықталған, бірақ ғаламтор желісі тартылмаған. 2019 жылдың 28-қазан айында №2370000735 инвентарлық нөмірлі «Өрт қауіпсіздік» бұрышы қойылған. Жарлы ауылының №4 филиал кітапханасына 2023 жылдың 24-мамыры күні ауылдың электригі Исабеков Асет Өміртайұлы электр энергиясының жаңадан «Mercury 200» тоқ есептегішін (учетчик) орнатқаны жөнінде құжат тапсырды. Ауыл кітапханашысы Абиева Анипа құжатпен танысты.
Кітап қоры – 10748 дана, қазақ тілінде — 5190 дана.
Оқырман саны – 280/бала — 45, жастар – 68.
Кітап берілімі – 3360
Келушілер саны – 3080
Жылына жаңа кітаптар түсімі – 681 дана.
Оқырмандарға қызмет көрсету үшін мүмкіндігінше жағдай жасалған. Кітапхана 6 атаулы газет пен журналдар басылымдарына жазылады.
Кітапханада балаларға арналған «Жас өркен» қызығушылар клубы жұмыс жасайды. Клубтың ережесі, мақсат-міндеті, жоспары бекітілген. Клубтың 10 тұрақты мүшесі бар.
Кітапхана мынандай проектілер бойынша жұмыс жасайды: «Жасөспірімдердің демалысын кітапханада тиімді ұйымдастыру көздері» атты жоба, «Парасат жолы», «Нағыз оқитын кез» бағдарламалары.
Кітапханада кітап алмасу акциясы «Буккроссинг» өткізіледі. Кітапхана оқырмандарымен «Жаңа кітаптарды таныстыру» ақпараттық шаралары өтіп тұрады. Мекемелерге кітаптарды насихаттау барысында «Әдеби визит» ұйымдастырылып тұрады. Жалпы «Қасым» оқулары, «Абай» оқулары, дәстүрлі «Бір ел –бір кітап» республикалық акциясы бойынша шараларға балаларды дайындап қатыстырып отыру жолға қойылған.
Жоспарда көрсетілген барлық өткізілген шараларды әлеуметтік желілерге — Instagram, Facebook жариялап отырамын. Атқарылған іс-шараларды буклеттер, ақпараттық беттер және кітап көрмелерімен жарнамалап отырамын. Кітапхана өз қызметінде ұрпағымызды ұлттық рухты тәрбиелеу бойынша Президент Жолдауын, «Рухани жаңғыру» бағдарламаларын насихаттау бойынша, белгіленген жұмыс жоспарлары бойынша оқырмандарға кітаптарды насихаттауда жұмыс атқара беремін.
Жарлы ауылдық №4 филиал кітапханасының сыртқы келбеті
Кітапхананың алдыңғы көрінісі
Кітапхананың жанындағы көрінісі
Кітапхананың бүйіріндегі көрінісі
Кітапхананың артқы көрінісі
Хабарлама берген: Жарлы ауылының кітапханашысы
Абиева Анипа Мухатаевна