лого библиотека

Ә.Бөкейхан көшесі, 41 үй

100800, Қазақстан, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы

Biblioteka.kasym@mail.ru

Эл. почта

+7(72146) 31710

Қабылдау телефоны

Нұркен ауылының кітапханасы

Нұркен Әбдіров ауылының модельді  кітапханасының  шежіресі.

      Ауылда қазіргі таңда 1 мектеп жалпы білім беретін « Нүркен Әбдіров атындағы»    орта мектебі, ауыл әкімі, пошта мекемесі, 1- отбасылық аурухана, мәдениет үйі,  кітапхана бар.  Нұркен Әбдіров  атындағы жалпы білім беретін № 10 орта мектебі КММ –інде,, онда 207-ге жуық оқушы білім дәрісі  алуда. Оларға 31 ұстаз сабақ беруде.  Кітапхана ісі мәдениет саласы ретінде ақпараттық білім беру және мәдени-ағарту қызметінің негізі болып табылады. Жаңа мыңжылдықта кітапханалар қоғамның қайта жанданып,өзгеруінде басқа мәдени мекемелер арасында үлкен мүмкіндіктерге ие. Бүгінгі таңда рухани дүниетанымы кең,көзі ашық,көкірегі ояу ұрпақ өсіру,оны өнерге, халықтық мұраға бейімдеуде, мәдени құндылықтарды жаңғыртып таратуда сипат беретін мәдени орынның бірі-кітапхана. Қазіргі кезде адамдардың өскелең талабын қанағаттандыру рухани байғлығы мен жалпы қабілетін дамыту және жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруда кітапханалардың алар орны ерекше.Сондықтан кітапхана мәдени-ағарту және ақпарат мекемесі,облыстағы баспа шығармаларын сақтайтын,оны тарату мен насихаттау жөнінде қызмет атқаратын мәдениет ошағы. Кітапханада тәлім-тәрбие жүйесінің танымдылығын қамтамасыз ету үшін тәрбиенің де ағартушылықтың да әдістемелік жүйелерін жасап,оларды жұмыс практикасы мен қоғамдық өмірге кеңінен енгізу.Жалпы кітапхана-адамдардың басын қосу,білім беру мүмкіндігі бар бірден-бір парасатты мәдени орын болғандықтан, ұлттық мәдениеттің мәйегін насихаттау мен дамыту баршамыздың парызымыз бен міндетіміз.Бүгінгі таңда Қазақстан мемлекетінің қалыптасуында рухани байлықты тереңдете оқыту мен насихаттау ірі мәселелердің бірі болуда.Сондықтан қазақ халқының қоғамдық саясат,әлеуметтік мұралар мен бай рухани қазыналарын сақтап,қорғап қалыптастыру мен насихаттау кітапхананың басты міндеті. Нұркен Әбдіров  атындағы селолық  кітапхана 1966 жылы ашылған.  Алғашқы қадамын екі мың дана кітап қорымен бастаған . Ескі  сегіз жылдық мектептің ішінен ашылған. 1967 жылы қазіргі мәдениет үйінің бір бөлмесін берген ,1975 жылдан- 2000 жыл аралығында үш бөлме берілді  2000 жылы мәдениет үйінен екі бөлме беріліп, халықты ізгілікке шақырып, ғылым –білімге сусындатып , елу жылға жуық осы уақытқа дейін үздіксіз қызмет жасалып келе жатыр. Әр жылдағы кітапханашылар:

  1. Омарова Гүлшара 1966- 1967 ж ж.
  2. Абдильдина Бақытгүл 1967- 1974 ж ж.
  3. Жолдасбекова Мәпруза     1974 -1978 ж ж.
  4. Ақбергенова Бибізада        1978- 1987 ж ж.
  5. Амирова Роза                        1987 -1998 ж ж
  6. Маякина Бақытгүл 1998 жылдан

Заман талабына сай,  жаңа технологиямен қамтамасыз етілген.  2008 жылы  соңғы үлгідегі «Модельдік  кітапхана » мәртебесі берілді. Модельді  кітапхана – ауыл тұрғындарына кітапханалық қызмет көрсетуді жоғары сатыға  көтеретін ауылдағы жаңа кітапхананың стандарттары, ауыл тұрғындарының ақпараттар көзіне еркін қол жеткізуін қамтамассыз ету, жаңа кітапханалық –ақпараттық  мәдениетті қалыптастыру, ауылдық әлеуметтік  -экономикалық және рухани дамуына ықпал ету. 12 430 дана  кітап қорымен 600 оқырманмен     9600 кітап   беріліммен, 8400 келушілер санымен оқырманға әдебиеттер насихаттай отырып көпшілік жұмыс түрлерімен жұмыс жасаймыз.   Ауыл оқырмандары үшін 15  дана мерзімді басылымдар алынуда, оның ішінде балаларға арналған 5 дана мерзімді басылым алынады. Елбасының жылдағы дәстүрлі Жолдауында мәдениет саласы да ұмыт қалмайды, жыл санап кітапхана сөрелері жаңа кітаптарға көбейіп келеді. Міне, Елбасының  Жолдауы  осының айғағы. Кітап – білім бұлағы. Кітап білімнің қайнар көзі демекші, кітапсіз өмір сүру ХХI ғасырда мүмкін емес екендігі мәлім. Кітап дәл мәнді білім береді, ол адамды терең ойлауға жетелейді. Әр адам кітаптың бетін ашқан сайын әлемнің тылсым табиғатын, жаңа құндылықтарын үйренеді деп ойлаймын.

 

                                                                     Нұркен ауылының кітапханашысы : Б.Р Маякина

САЙТТЫ АУДАРУ