Көктас ауылы № 1 модельді кітапханасының тарихы
Көктас ауылдық кітапханасы 1953 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.
Кітапхана қазіргі уақытта типтік Мәдениет үйі ғимаратының 2 этажында орналасқан. Жер көлемі: 220кв.м. жылу қазандығы бір орталықтан жағылады. Кітапханашы: Шаймерденова Асем Жанахметовна, 2019 жылдың ақпан айынан бастап кітапханада қызмет атқарады. 2004 жылы кітапханаға облыс әкімінің қаулысымен «Модельді кітапхана» мәртебесі беріліп, кітапхана құны 663850 теңге тұратын жаңа технологиялармен жабдықталды. Кітапхана орналасқан Мәдениет үйіне 2017 жылы терезелері ауыстырылды. Ауылда №4 ресурсты орта мектеп, шағын орталық, мектепшілік мекемелер: балалар спорттық клубы, музыкалық мектеп қызмет жасайды.
Кітапхана қоры барлық білім салаларымен жинақталған. Ауылдағы кітапхана оқушылардың білім деңгейін көтеру және демалу уақыттарын жақсы өткізіп, оқуға әзірлену үшін мол мүмкіндік беретін орын.
Модельді ауылдық кітапхана – бұл жергілікті, ақпараттық өлкетану, өз бетімен білім алу орталығы, техникалық жабдықталған және ақпаратпен қамтамасыз етілген орын. Рабис программасы қойылған, жыл басынан бері 260 тай жазба енгізілді..
Кітап қоры – 22567 дана, қазақ тілінде — 12309
Оқырман саны – 700 /бала-250, жастар-130/
Электронды ресурстарды пайдаланушылар-30
Кітап берілімі – 7370
Келушілер саны – 6990
Жылына жаңа кітаптар түсімі – 530 дана..
Оқырмандарға қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасалған. Қызмет көрсетудің жаңа түріне көшу тұрғындарды жоғары дәрежелі ақпаратпен қамтамасыз ету, жаңа технологияны енгізу арқылы көмек беруге мүмкіндік береді. Кітапхана 21 атаулы газет пен журналдар басылымдарына жазылады.
Кітапханада қыз-келіншектерге арналған «Сырласу» атты тәлім-тәрбиелік клуб жұмыс жасайды. Клубтың жарғысы, жоспары бекітілген. Клубтың 15 тұрақты мүшесі бар. Кітапхана мынандай проектылар бойынша жұмыс жасайды: «Жанашыр» жобасы мүгедектерге арналған, «Жасөспірімдердің демалысын кітапханада тиімді ұйымдастыру көздері» атты жоба, «Парасат жолы», «Нағыз оқитын кез» бағдарламалары.
Кітапхана кейінгі таңда жұмысын жаңаша түрде өткізуді ұйымдастыруда. Кітапханада кітап алмасу акциясы «Буккроссинг» өткізілді. Кітапхана оқырмандарымен «жаңа кітаптарды таныстыру» ақпараттық шаралары өтіп тұрады. Мекемелерге кітаптарды насихаттау барысында «Әдеби визит» ұйымдастырылып тұрады. Аудан кітапханасы ұйымдастырған «Қасым» оқулары, «Абай» оқулары, «Бір ел –бір кітап» акциялары бойынша шараларға балаларды дайындап қатыстырдым. Өткізілген шараларды әлеуметтік желілерге Инстаграм, Фейсбукке жариялап отырамын. Өткізілген шараларды буклеттер, ақпараттық беттер мен кітап көрмелерімен жарнамалап отырамын. Кітапхана өз қызметінде ұрпағымызды ұлттық рухты тәрбиелеу бойынша Президент Жолдауын, «Рухани жаңғыру» бағдарламаларын насихаттау бойынша, белгіленген жұмыс жоспарлары бойынша оқырмандарға кітапты насихаттауда жұмыс атқара беремін.
Хабарлама берген: Көктас ауылының кітапханашысы Шаймерденова Асем Жанахметовна.