лого библиотека

Ә.Бөкейхан көшесі, 41 үй

100800, Қазақстан, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы

Biblioteka.kasym@mail.ru

Эл. почта

+7(72146) 31710

Қабылдау телефоны

Егіндібұлақ селолық модельді кітапханасы

Кітапхана туралы мәлімет

           Егіндібұлақ селолық орталық кітапханасының іргетасы 1928 жылы қаланды. Кітапхана 1936 жылы Қазақ ССР Округі таратылған кезде құрылған, Егіндібұлақ партия комитетінің ұсынуымен кітапханаға Сағатов Мұқан Бөкейұлы кітапханашы болып орналасады. 1956 жылы кітапханада екі адам жұмыс жасады. Кітапхана меңгерушісі болып Толықбаева Мұңсыз апай, Мұқаева Мапыш апайлар жұмыс істеді. 1980 жылы кітапхана орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне айналдырылды. Сол кітапхана директоры болып Жүнісбекова Рая апай жұмыс істеді. 1986 – 1997 жылға дейін орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры болып Жылтыбаева Раушан Рашидқызы қызмет атқарды. 1997 – 2018 жылдары Жарылғапова Ока Демьянқыз қызмет атқарды. Қазіргі уақытта кітапхана меңгерушісі Рашитова Жансая Жандосқызы қызмет атқаруда. Қазіргі уақытта кітапхана 2 пәтерлі тұрғын үй есебінде салынған ғимаратта отыр. Кітапхана орны 322,6 шаршы метрді құрайды.Бұл ғимаратқа 1989 жылы 4 наурыз күні кірдік. Кітапханамыз 2004 жылдың қаңтар айынан бастап модельді кітапхана  мәртебесіне ие болды. (жаңа технологиямен жабдықталған жаңа кітапхана үлгісі). Содан 2007 жылы ғана ағымдағы жөндеу жұмыстары  жүргізілді.

   Бүгінгі күні кітапханада 38348 кітап қоры бар.Оның ішінде 32127 мыңы қазақ тілінде.Кітапханада 2115 оқырман бар, кітапханадағы кітап берілімі – 38070 ті құраса, оқырмандардың келімі 33840-ты  құрайды. Жыл ішінде кітапхана 22 түрлі газетке 19 түрлі журналға жазылады. Бір жыл ішінде кітапханаға 1000-1200 данаға дейін жаңа кітап түсіп отырады.

САЙТТЫ АУДАРУ