№2 «Жалтас» колхозы шамамен 1933-1934 жылдары шаруашылық болып құрылды. Колхоз құрылған жылы шамамен алғанда 60 –қа тарта шаңырақ болып, ондағы адам саны 350-400 дей болған. Сол кезде бастауыш мектептер ғана жұмыс істеді. Ол кезде Аққалықов Әшжан сабақ берген, кейінгі кезде 1939-1941 жылдары Бейсенбин Көпіш, Рахымбабин Қажытай мұғалім болған. Ол кездегі мектеп көшпелі болған. Жаз күндері ауыл орталығымен бірге киіз үйде, қыста колхоз орталығында болады. 1948 жылы «Сарықияқ» деген жерде мешіт үйінде болды. 1950 жылы 7 жылдық мектеп «Жалтас» колхозында ашылып, онда Әбдильдин Төлеубай, Сәдуақасов Камал, Ғабдолла Смағұлов болды. Совхоз құрылғаннан кейін 1961 жылдан бастап, 1977 жылға дейін 8 жылдық болған. 1977 жылы 10 жылдық мектеп болып ашылды.
Колхоз кезінде Сыздықов Мүбиін Кежебайұлы, яғни 1960 -1963 жылдар арасында киномеханик болып, аралап жүріп жұмыс жасаған. 1963 жылы автоклуб меңгерушісі Зарубай Шакаманов әрі киномеханик болып жұмысын атқарған. Одан кейінгі жылдары Еренғайып Көкешов болған. 1973 жылы Нұрғайша Нескенова завклуб болып, киномеханик Б. Жакешов мәдени іс шараларды атқарып жүрді.
1975-1984 жылдарға дейін жұмыс жасады. 1984 жылдан бері Мәжай Жанғожина, Сүйгенбай Төлеубаев және Ерлан Сыздықовтар мәдени іс шараларды атқарып келді. 1997-2000 жылдары «Сатан» шаруа қожалығының жетекшісі Берік Қонақбаев ашқан, Қазақстанның Халық әртісі, жерлесіміз Мақпал Жүнісованың атындағы «Мақпал» жастар үйі ашқан болатын. Бұнда жастарға арналған кештер, би кештері де болып тұрды.
Одан кейін кітапхана жұмысын ертеректе Мағаз Хасанов ағамыз болған. Ол кісі кемтар болса да атпен жүріп, ел арасында кітапхана жұмысын атқарған дейді. Одан бергі кітапхана жұмысына Баян Жаркеев жауапты болған. Кітапхана 1961жылы құрылды. Сол кездегі кітап қоры 7948 дана болған. 1961жылы кітапхана жұмысына Абдуалиева Нүрзия апай ие болып, 1968 жылға дейін кітапханашы қызметін атқарған. 1968 жылдан бастап, Әлдебекова Лкайым 27 жыл кітапхана жұмысын атқарған. Кітапханада сол жылдары 9300 дана кітап қоры, 210 оқырман саны болған. 1993 жылы 25 жыл еңбек еткенін Үкімет бағалай отырып, еңбек демалысына шығарды. Одан кейін кітапхана жұмысын Мұқыжанова Рысты атқарған. Ол кезде кітап қоры 18083 дана, оқырман саны 500 дей болған.
Қазіргі уақытта кітапхана қызметін атқарып, отырған Бөдешова Майгүл Ақынқызы. 1992 жылы Қарағанды Мәдениет колледжінің «Кітапхана ісі» мамандығын бітірген, 1988-2007жылдары мектеп кітапханасында «Кітапханашы» міндетін атқарған. 2007 жылдан бастап, орталық кітапханада кітапханашы міндетін атқарып отыр.
Қазіргі уақытта кітап қоры 15891 дана, оның ішінде қазақшасы 10179 дана болса, оқырманымыз 500 дей болады. Ауыл тұрғындар саны- 758.
Теректі ауылының кітапханашысы: Бөдешова Майгүл.