лого библиотека

Ә.Бөкейхан көшесі, 41 үй

100800, Қазақстан, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы

Biblioteka.kasym@mail.ru

Эл. почта

+7(72146) 31710

Қабылдау телефоны

Абай ауылының кітапханасы

Абай ауылдық округі Қарқаралы (Егіндібұлақ) ауданындағы тыңды игеру кезіндегі құрылған шаруашылықтың бірі.  Алғашққыда 1967 жылы ашылған кітапхана 1 қабатты клубта, 1993 жылы жаңа Мәдениет үйіне көшірілді.

Кітап қоры 30мыңнан астам, оқырмандар саны-500.  Ересектер және балалар кітапханасы бірге орналасқан, 12 орындық оқу залы бар.

Абай-әлемдік тұлға

1954 жылы ашылған ауылға қазақтың ұлы ақына Абай есімі берілді.

Артында өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақынның негізгі аты-Ибраһим. Анасы Ұлжан оны еркелетіп Абай деп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді. Абайдың анасы Ұлжан Қаракесек ішінде Бертіс руынан болады.

Ұлжан анамыз Абай ауылының бөлімшесі Мыржық елді мекенінде туып өскен,  өте сабырлы, кең мінезді, сөзге ұста, тапқыр, шешен кісі болған. Абай анасының осындай асыл қасиеттерін жастайынан бойына сіңіріп өскен. Ақынның таным мен білімі және пайым-парасатының қалыптасуында нағашы жұртының, анасының берген тәлім-тәрбиесінің мәні ерекше. Өз халқының әдет-ғұрпы, салт-санасы, жоралғы кәдесін бойына сіңіруіне ең алғаш жол ашқан-анасы Ұлжанның туған жеріне ақынның аты берілді.

Облыс бойынша ұлы ақынға қойылған төрт ескерткіштің бірі Абайдың нағашы жұрты Абай ауылына қойылған. Ескерткіш 1968жылы  қойылған, авторы Павел Куценко.. Ауыл саябағында биік бой көтеріп тұрған тұлға алыстан көз тартады. 2020 жылы ақынның 175 жылдық мерейтойынның алдында осы ескерткішке сол кездегі ауыл әкімі Нуркенова Алия Камашқызы өз қаражатына күрделі  жұмыстарын жүргізіп, сыртын мәрмәр таспен қаптады.

Translate »