лого библиотека

Ә.Бөкейхан көшесі, 41 үй

100800, Қазақстан, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы

Biblioteka.kasym@mail.ru

Эл. почта

+7(72146) 31710

Қабылдау телефоны

Бөлімдер

  • Бөлімдер
  • Оқырманға қызмет көрсету бөлімі;
  • Кітап беру бөлімі өз жұмысын ауданымыздың барлық мекемелерімен, атап айтсақ білім беру мекемесімен, ардагерлер алқасымен, әскери комиссариатымен, жергілікті «Қарқаралы» газеті редакциясымен, ауыл – шаруашылық колледжімен, мектептермен т.б мекемелермен тығыз байланыста жұмыс жүргізеді. Кітапхананың оқырмандар залында республикалық , облыстық , аудандық дәрежедегі ғылыми және көптеген оқырмандар конференциялары , әртүрлі деңгейдегі кездесу кештері, ( ақын – жазушылар, батыр аналар, соғыс және еңбек ардагерлері, әнші сазгерлермен т.б. ) , көптеген мәдени іс – шаралар өткізіледі.

Абонемент бөлімінің негізгі бақылау көрсеткіштері:

  • Оқырман саны – 1400
  • Кітап берілімі – 19600
  • Кітапханаға келімі – 16800
  • Оқырмандар залы;
  • Оқу залдары жұмысының негізгі бағыттары:
  • Кітап қорын құру
  • Кітап қорын насихаттау, жарнамалау
  • Атаулы күндерге арналған әдеби кештерді, тарих сабақтарын, саяси сағаттарды, дөңгелек үстелдерді, жастар акцияларын ұйымдастыру
  • Ақпараттық қызмет түрі

Бұл жерден сіздер:

  • Әлеуметтану және тарих
  • Экономика және саясат
  • Заң және дін
  • Әдебиеттану және тіл білімі
  • Жаратылыстану ғылымдары мен спорт бойынша басылымдар
  • Мерзімді басылымдар, яғни мен спорт бойынша басылымдар
  • Мерзімді басылымдар, яғни газет, журналдар оқуға болады

Оқу залы көптеген көпшілік іс-шараларын өткізеді: әдеби кештер, тарих сабақтары, ардагерлермен кездесу, жастар акциясы т.б., ұлттық және мемлекеттік мерекелерге, атаулы даталарға, мерейтой иелеріне байланысты іс- шаралар ұйымдастырумен айналысады.

Оқырман залының негізгі бақылау көрсеткіштері:

  • Оқырман саны – 600
  • Кітап берілімі – 8400
  • Кітапханаға келімі – 7200
  • Ақпараттық – библиографиялық қызмет

Ақпараттық – библиографиялық бөлімде 2005 жылдан автоматтандырылған кітапханалық жүйе «РАБИС катализаторы» модулі орнатылып электронды каталогы жұмыс жасап келеді.  2008 жылдан бастап осы бөлімде өлкетану материалдарын цифрлау жұмыстары жүргізіліп, ертеден жиналған өлке туралы мерзімді басылымдар беттеріне шыққан материалдар жинақталып басылады. 2007 жылдан «Қазақстан  Республикасы Президентінің  жанындағы Адам құқықтары  сандық кітапханаларын» құрып, оқырмандарға,  ауыл – село кітапханаларына жұмыс жасап келеді. Кітапханада «Алаштың ардақты ұлдары», «Қарқаралы мешітінің тарихы», «Ақиық ақын қасым Аманжолов», «Жазықсыз жапа шеккендер рухына тағзым», «Желтоқсан оқиғасы», «Ғабдиман Игенсартов», «Аспаныма жазылды Қарқаралы аты» (Т.Әубәкіров), «Өркенді өлкенің өнерпаздары», «Қарқаралының тұлғалы түлегі» (Ә.Омарбаев), «Дархан дарын» (Қ.Қуанышбаев), «78 Коммунарлар», «Жазушы, жаңа өмір жаршысы» (Ғ.Мұстафин) т.б папкалар жасалған.

  • Кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімі

Аудандағы кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінің негізгі жұмысы: аудан кітапханаларын кітап қорымен толықтырып отыру, мерзімді басылымдарға жазу, кітапхана ережелеріне сәйкес кітаптардың сақталуына және әдебиеттерді шығыстан шығару актілерімен жұмыс жасау, филиал кітапханаларының каталогтарын толықтыру және тазарту жұмысына бағыт – бағдар беріп отыру. Кітапхана кітап қорларын толықтыруға ерекше мән беруді талап етеді. Кейінгі кезде жүйелі, алфавиттік каталогтарға электронды каталогтар қосылды. Кітапты өңдеу бөлімі орта есеппен жылына  кітап қорларын 10 – 12 мың дана кітаптармен жергілікті және белгілі  ақын – жазушыларымыздың жаңа кітаптарымен, студенттерге арналған оқулықтармен және де барлық білім салалары әдебиеттерімен толықтырылып отырылады.

ОКЖ бойынша кітап қоры – 545031, оның ішінде қазақшасы – 356199.

  • Құжаттар

Жарғы

Ереже

  • БАҚ біз жайында

Ресурстар

Қорлар

01.01.2021 ж. кітапхана қоры әр түрлі материалдық тасығыштарда 545031 дана құжаттарды құрады, оның ішінде мемлекеттік тілде – 356199 дана, орыс тілінде – 188827 экз. дана және басқа тілдерде – 5 дана.

Кітаптар – 541266 дана.

CD және DVD -4 дана.

Журналдар – 852 дана.

Газеттер – 2909 дана.

Кітапханалық қор сала бойынша келесідей түрде ұсынылады: жаратылыстану-ғылыми және медициналық әдебиет – 21499 дана , техникалық және ауылшаруашылық – 26195 дана, қоғамдық-әлеуметтік және анықтамалық – 81608 дана, мәдениет, ғылым, білім беру, спорт және өнер бойынша әдебиет – 27055 дана, филология ғылымдары және көркем әдебиет – 388674 дана.

Есепті кезеңде жыл ішінде әр түрлі жинақтау көздерінен кітапхана қорына Қазақстанның мерейтойлық даталары: Ахмет Байтұрсыновтың 150- жылдығына,Мәншүк Мәметова 100- жылдығына,Талғат Бегильдиновтың 100-жылыдғына және т.б. мерейтойлар аясында шыққан басылымдар түсті.

           Кітап қорын жинақтаудың негізгі көздері:

Облыстық бюджет – 14915  мың  теңге-жалпы бюджеттен

Мемлекеттік тапсырыс –  9769,8 мың теңге.

Сыйға берілетін кітаптар –  767,7  мың теңге.

Translate »