лого библиотека

Ә.Бөкейхан көшесі, 41 үй

100800, Қазақстан, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы

Biblioteka.kasym@mail.ru

Эл. почта

+7(72146) 31710

Қабылдау телефоны

Тарих

Мекеменің толық атауы

Қасым Аманжолов атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Мекеменің тұрған жері

100800, Қазақстан, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Ә.Бөкейхан көшесі, 41 үй

Қысқаша  тарихи  анықтама

Аудандық орталық кітапхана орналасқан ғимарат 1870 – 1880 жылдары орыс – көпесі В.П. Рязанцев салдырған. Еңселі үйдің қабырғасында мемориалдық тақтада «Бұл үйде 1913 жылы орыс саяхатшысы, ғалым, этнограф Г.Н. Потанин болған» деп жазылған. 1920 жылдары Совет өкіметі ғимаратты кәмпескелеп, бұл ғимаратта әр түрлі  мекемелер жұмыс атқарды. 1938 жылы осы ғимаратта қазақ – орыс мектебі дәріс берді, аудандық сот, агрономиялық лабораториялар жұмыс атқарды.

1892 жылы шенеунік В.И.Марковтың бастамасымен қалада қоғамдық кітапхана ашылды. 1901 жылы кітапхана қорында 458 том кітап және 460 том мерзімді басылымдар болды. 1978 жылдан бастап аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі болып ауыстырылды.

2004 жылы аудандық кітапхана «Үлгілі кітапхана» мәртебесіне ие болды.

Қазіргі таңда орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша ауданда 37 кітапхана оқырмандарға қызмет көрсетеді. Соның ішінде 1 аудандық, 1 аудандық балалар кітапханасы және 35 селолық кітапхана. Аудандық ОКЖ бойынша 11 модельді кітапхана оқырмандарға қызмет көрсетеді.

Кітапхана  басшылары

1952–53 жылдары қалалық кітапхана ашылды. Бірінші меңгерушісі болып Сәлкенова Бағдат  жұмыс атқарды.

1954–1956 жылдары қалалық және балалар кітапханасы, мәдениет бөлімі осы көрікті ғимаратқа орналасқан, осы жылдары меңгерушісі болып Софья Ивановна Деева жұмыс  атқарған.

1961–62 жылдары кітапхананың меңгерушісі болып Мақашева Жәмиля, 1965–68 жылдары Быхина Нұрбану,

1970–1978 жылдары Торбаева Сара Махметқызы,

1979–1986 жылдары Мусатаева Раушан Жақияқызы,

1986–1989 жылдары Омарбекова Бақыт Әбенқызы,

1989 – 2022 жылдары Бейсенова Бағдат Зияденқызы

2023 жылдан қазіргі күнге дейін Муканова Айнаш Тусупжановна директор қызметін атқарады.

Translate »