лого библиотека

Ә.Бөкейхан көшесі, 41 үй

100800, Қазақстан, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы

Biblioteka.kasym@mail.ru

Эл. почта

+7(72146) 31710

Қабылдау телефоны

Меңгеруші

Искакова Алтынай Шырақбайқызы
1970 жылы туылған, ұлты қазақ
Білімі жоғары арнаулы
Аудандық балалар кітапханасының
меңгерушісі

Искакова Алтынай Шырақбайқызы 1989 жылы Қарағанды мәдени-ағарту училищесін бітіріп, еңбек жолын Қарағайлы балалар кітапханасында әдіскер болып бастаған,Талды ОКЖ кітап қорын толықтыру бөлімінде  кітапханашы болып жұмысын жалғастырған.1992 жылы аудан жабылған соң Қарқаралы аудандық кітапханасына  ОКЖ  әдіскері болып орналасады.

     Алтынай  Шырақбайқызы  2003 жылдан бастап кітап қорын толықтыру  және өңдеу бөлімінде кітап қорын толықтыруға,өңдеуге,электронды  каталогқа түскен әдебиеттерді іріктеу жұмысын атқарды.

     Өз кәсіби мамандығын көтеру мақсатымен «Болашақ »университетінің «Мәдениеттану» факультетін бітірді. 2012 жылдан бастап аудандық модельді балалар  кітапханасының меңгерушісі болып тағайындалды.Қазіргі күнге дейін  осы қызметте  «Кітапхана рухани жаңғыру жолында:кітап арқылы жаңашылдыққа»,«Кітапхана және XXI ғасырдың  жас оқырманы:жаңаша қарым-қатынас форматы» атты семинар-кеңес,

Семинар треннинг,аудандық «Шәкәрім оқулары»,«Тәуелсіздік балалар көзімен» инновациялық мәдени іс-шараларды  аса жауапкершілікпен  ұйымдастырып өткізді.«Мейірімді жүрек» жобасымен  жұмыстар атқарып, «Балалар жылы» аясында,  Қарағанды облысы бойынша«Үздік аудандық  балалар кітапханасы» номинациясының жеңімпазы  атанып,дипломмен   марапатталып сиақыға ие болды. Алтынай Шырақбайқызы өз жұмысына  адал,жаңа іс-тәжірбиелі, иновациялық қызметі терең маман.Ұжым ортасында сыйлы ,2 бала тәрбиелеп отырған ана.Қазіргі таңда Қарқаралы  аудандық мәдениет және  тілдерді дамыту бөлімі,орталықтандырылған кітапханалар жүйесі кәсіподақ ұйымының төрайымы.

Translate »