лого библиотека

Ә.Бөкейхан көшесі, 41 үй

100800, Қазақстан, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы

Biblioteka.kasym@mail.ru

Эл. почта

+7(72146) 31710

Қабылдау телефоны

«Жас өркен» қызығыушылар клубының 2024 жылға арналған жұмыс жоспары, Жарлы ауылы

Түсінік хат

«Жас өркен» қызығушылар клубының бағдарламасы мектеп білім алушыларының жұмыс жоспарына сай есептеліп жасалған. Қызығушылар клубы – бұл білім алушымен достық қатынаста және нәтижеге қол жеткізуі үшін жұмыс жасауына арналған. Балаларға өмірдің мәні мен құндылықтарын түсінуді, жалпы адамзаттық бағалы қасиеттерді ұғынуды, сөйлесу мәдениеті мен өзін ұстай білу әдебін, эстетикалық мәдениетті (талғамы бар оқырман, көрермен бола білуге) білу үйретіледі.
Бағытталған бағдарлама:
қызығушылар клуб мүшелерін ізденімпаздыққа;
таным мен өзін-өзі тануға бағытталған.
Қызығушылар клубының өз жұмыс мақсаты мен міндеттері бар. Мысалы, сезіну, елестету, көру, тапсырманы орындау, содан соң ізденімпаздықты ұйымдастыру жұмысы жетекшінің тікелей әрекеттерінің нәтижесінде орындалады.
Балалардың қызығушылар клубына ұмтылысын күшейтетін нәрселер:
-өз идеяларын ұсыну, жарнамалау;
-өз жұмысының нәтижесін көру.
-үнемі өз жұмысын талдау;
-өз әсерімен бөлісу.
Қызығушылар клубы жұмысы бірнеше бөлімдерден құралған бағдарламадан тұрады:

  • насихаттау;
  • балаларды өз бетімен жұмыс істеуге үйретудің жолдары;
  • күтілетін нәтиже;
  • еркін жұмыс жасауына бағытталған жаттығулар мен ойындар жүргізу.

Жарлы ауылы №4 филиал ауылдық кітапханасының

жанынан құрылған «Жас өркен» қызығушылар клубының

2024 жылға арналған жылдық жұмыс жоспары

                                                 «Ана деген теңдесі жоқ ұлылықтың жолдары,

                                                       Әке деген мирас болар, ізгіліктің жолдары»

Мақсаты:

  • Клуб мүшелерін қазақ халқының ұлттық дәстүрлеріне байланысты жаңа кітаптар мен баспасөз бетіндегі жаңалықтармен, мақалаларымен таныстырып отыру;
  • Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, оларды өз ойын еркін айта білуге үйрету және білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, бос уақытын ұтымды ұйымдастыруға баулу.

Міндеттері:

  • Балалардың бүгінгі таңдағы өміршең проблемаларды саралап, оны
    талқылай білуге үйрету;
  • Білім алушыны белгілі бір тақырыпқа ізденуге, оны ғылыми түрде баяндап
    беруге дағдыландыру;
  • Жасөспірімдердің бойындағы өнерлерін дамыту арқылы жан-жақты
    жетілдіруге дағдыландыру;
  • Мектепішілік іс-шараларға белсене қатысу;
  • Балалардың жан-жақты табиғи, интеллектуалды қабілетін дамыту;
  • Білім алушылардың арнаулы шығармашылық қабілетін айқындау, дамыту;
  • Жеке бастың өнегелік негіздерін, қоршаған ортаға адамгершілігін,
    қарым-қатынасын қалыптастыру;
  • Жеке бастың үздіксіз жетілуіне рухани құндылықтарды дарыта отырып,
    ішкі қажеттілікті қалыптастыру;
    Насихат:
    -Жастарға ұлттық салт –дәстүр арқылы тәрбие беру.
    -Жүргізілетін жұмыстар негізінен ұлттық салт-дәстүрімізді қайта жандандыру.
    -Әдемілікке, ептілікке, білімділікке, ибалыққа, инабатылыққа тәрбиелеу.

Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге үйретудің жолдары:

  1. Жаңа әдістерді пайдаланып, балалардың қабілетілік, таланттылық, шығармашылық қасиеттерін неғұрлым толығырақ ашуға, олардың өзара қарым-қатынас жасауға қажетті ықпал ету.
  2. Эстетикалық талғамын қалыптастыруға сеп болу.
  3. Таным қабілеті, ойлау белсенділігі мен дербестігін ұштау,
  4. Білім алушының танымдық-шығармашылық қабілетін, ойлау белсенділігін дамытатын, өз жоба-жорамалын ұсыну, салыстыру негізінде дұрыс шешім табуға жетелейтін әдістерді пайдалану.
  5. Балалардың дербестігін қолдану, өз көзқарасын еркін айтуға және ойын бейнелі, көркем айшықты де шешен оралымды пайдалана отырып жеткізуге баулу
    Күтілетін нәтиже:
  6. Оқушылардың шығармашылық қабілеттері дамиды;
  7. Қоғамда өмір сүруге бейімделеді;
  8. Мектепішілік іс-шараларға белсене қатысады;
  9. Қосымша әдебиетпен жұмыс жасауды үйренеді;
  10. Оқушылардың білім дәрежесі артады;
  11. Өз ойын дұрыс және жүйелі айтып беруге дағдыланады;
  12. Ізденімпаздығы мен шығармашылық жұмыс істеу белсенділігі артады, теориялық материалды нақтылы жұмыс процесінде саналы, толық түсінеді.
  13. Ауызша сөйлеу дағдысын жетілдіру, ойын шебер, әдеби көркем тілмен жеткізуге үйренеді.
  14. Қызығушылығы артады.
  15. Ойлау және қабылдау қабілетін дамытады.
  16. Шығармашылық ізденуіне жол ашылады.

«Жас өркен» қызығушылар клубының жұмыс кестесі

№ Күні және ауысым Уақыты
1 Дүйсенбі
І ауысым 10.00 – 12.00
2 Сейсенбі
І ауысым 10.00 – 12.00
3 Жұма
ІІ ауысым 14.00 – 16.00

Клуб ұраны: «Аманат – адамгершілік шыңы»
Клуб төрайымы: Абиева А.М. (ауыл кітапханашысы)
Клуб төрайымының көмекшісі: Жанабаева М.Н.
(Математика пәнінің мұғалімі)
Клуб хатшысы: Серикова А.Б. (8-сынып білім алушысы)
Клуб кеңесінің мүшелері: Серикова А.Б (8-сынып білім алушысы)
Совет А.Қ. (8-сынып білім алушысы)
Совет М.Қ. (7-сынып білім алушысы)

Клуб мүшелері: Совет Т.Қ. (5-сынып білім алушысы)
Жақия Д.Б. (7-сынып білім алушысы)
Тұрсынбек Ж. (7-сынып білім алушысы)
Хасен М.Х. (6-сынып білім алушысы)

Клуб мүшелерінің заңы мен міндеті:

  • Бүгінгі және болашақ ұрпағымызды халқымыздың баға жетпес салт-дәстүрлері негізінде тәрбиелеу.
  • «Жас өркен» клубы мүшелері әр іс-шараларға белсене қатысып, оны әсерлі өткізуге ұсыныс-пікірлерін ортаға салып отыруға міндетті.
  • «Жас өркен» клубы мүшелері өз жолдастарын ортаға тартуға міндетті.

Бірігіп жұмыс атқарушы мекемелер:
1.«Тегісшілдік ЖББ №6 орта мектебі» КММ (2-8-сынып білім алушылары)
2.Мектеп мұғалімдері
3.Жарлы ауылының амбулатория мекемесі
Клубтың ашылу мерзімі:
«Жас өркен» қызығушылар клубы 2013 жылдың 1-сәуірінен бастап ашылды. Әртүрлі оқырман топтарының рухани қажеттіліктері мен сұраныстары кітапханамыз үшін аса маңызды. Осы бағытта бос уақытты өткізу үрдісінде оқырмандардың рухани қажеттіліктерін қанағаттандырып, олардың шығармашылық қабілетін жүзеге асыруды мақсат ететін қызығушылық клубтарының орны ерекше. Клуб – кітап пен шығармашылықтың тоғысуы. Басты мақсатымыз, буыны енді қатайып, асыл сөздің қадірін түсінген, қара сөзден қамшы өріп, аталы сөзге тоқтай білетін  жас ұрпақты жан-жақты өнерлеге баулу, үйрету, жалпы қоғам ортасына, келешек өмірге, болашаққа дайындау. 

Клуб мәжілісі әр тоқсанда 1 рет өткізіледі.
Клуб отырыстары:

І отырыс:
1.«Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсу, даму, реформалар»
Насихат жұмысының маңыздылығы.
2.Табиғи материалдармен жұмыс түрлері.

ІІ отырыс:
1.«Ақпарат көзі – баспасөз»
Газет-журналдарға шолудағы түйткілдер.
2.Бұйымдар жасаудағы шеберліктер.

ІІІ отырыс:
1. «Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» Көрме ақпараттарына шолу.
2. Ұлттық жиһаздардың ерекшеліктері.

ІҮ отырыс:
1.«Еңбек – ырыс–байлығың» (Бейне слайд)
2.Шығармашылық жұмыс бағыты.

«Жас өркен» қызығушылар клубының
2024 жылда атқаратын іс-шараларының жылдық жоспары

№ Тақырыбы Жұмыс түрі Мерзімі Өтетін орны Жауапты
1
««Әділетті Мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам»
Мемлекет басшысы Қасым –Жомарт Тоқаевтың жолдауы» Қазақстан Президентінің халыққа Жолдауын насихаттау Дәстүрлі тұрақты
Көрме
Жыл бойы Кітапхана
Кітапханашы
2 «Құстар» аппликациясын жасау Табиғи материалмен жұмыс 02.02. 2024 Кітапхана
Кітапханашы
Клуб мүшелері
3 «Қағаз және қатырғы қағаз» Бүктеу
Қию тәсілдері 06.03. 2024 Кітапхана
Кітапханашы
Клуб мүшелері
4 «Ақпарат көзі – баспасөз» Газет-журналдарға шолу 12.04. 2024 Кітапхана
Кітапханашы
Пошташы
5 «Ұлттық киімдер мен бұйымдар» Бұйымдар жасау 30.05. 2024 Кітапхана

Клуб мүшелері
6 «Оюлар әлемі» Аппликация 14.06. 2024 Кітапхана
Кітапханашы
Ата-ана комитеті
7 «Киіз үй» Құрастыру жұмысы 25.07. 2024 Кітапхана
Кітапханашы
Клуб мүшелері
8 «Ұлттық жиһаздар» Жиһаз түрлері 15.08. 2024 Кітапхана
Кітапханашы
Ата-ана комитеті
9 «Пластикалық заттар» Әр түрлі заттар құрастыру 20.09. 2024 Мектеп
Кітапханашы
Клуб мүшелері
10 «Алуан гүлдер»
Әр түсті қағаздармен жұмыс 11.10. 2024 Кітапхана Кітапханашы
Клуб мүшелері

                                                         Кітапханашы: Абиева Анипа

Translate »