Бесоба ауылының кітапханасы
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Бесоба ауылдық кітапханасы кәзіргі таңда жұмыс жасап отыр. Кітапхана ең алғаш « Рабочии комитет» арқылы кейіннен селолық совет арқылы ашылды. 1979 жылдан бастап бірлестірілген, аудандық орталық кітапхана жүйесіне енгізілді. Ең алғаш кітапханашы болып 1966-1968 жылдар аралығында Уалиева Запия Ғалиена еңбек жолын бастаған екен. Кейіннен ол кітапханашы апай аудандық балалар кітапханаында еңбек етіп зейнеткерлікке шықты. 1983 жылдың 16 тамызына дейін осы Бесоба ауылдық кітапханада еңбек еткен апайлар-
1, Уалиева З,
2, Шайкенова Б.
3, Байболова М.
4, Шайкенова Ү,
5, Садикова Г,
6, Алдажұманова М,
7, Нұрғалиева Б,
8, Мұрынбаева Д,
1983 жылдан-2024жылдың аяғына дейін Бесоба ауылдық кітапханасында Мұрынбаева Д. апай еңбек етіп зейнеткерлікке шықты. 2025 жылдың қаңтар айынан бастап кәзіргі уақытта Қойшыбаева Гүлсім Рашитқызы еңбек етуде, Ауылымыздағы халық саны -1413, Кітапхана қоры -8229,Оқырман саны-600,Оқырман балалар саны-150. 2010жылдан бастап кітапхана жанынан құрылған «Ақ босаға» клубы жұмыс жасайды. Клубтың ақсаты халқымыздың асыл қазынасын, салт-дәстүрін сүйеттін, жерін, елін қадірлейтін, иманды, инабатты да ибалы адамгершілігі мол ұрпақ тәрбиелеу.




