Ақтасты ауылдық кітапханасы
Кітапхана 2-ші қабатта орналасқан Кітапхана іші
Тәттімбет ауылдық округі Ақтасты ауыл кітапханасы
Құрылған жылы: 1940 жыл.
Жалпы алаңы: 130м2
Оқырмандар отыратын орындар саны: 4 стол 10 орындық
Оқырмандар саны: 500
Мекен-жайы, телефоны: Тәттімбет ауылдық округі Ақтасты ауылы Қазыбек би 19
Кітапханашы : Рахимова Зульфия Аллабергенқызы
Материалдық-техникалық базасы толық қамтылған.
Кітапханада ИТ көмек интернет желісі қосылған. 10 орындық, 4 үстел, кітап көрмесіне 1 стелаж, 20 стелаж,принтер 1,сканер 1.
Кітапхана тарихы:
Кітапхана негізінен 1940 жылдары «Оқу үйі»деген атпен жұмыс стеген.
Онда –Назымбек Мұқаев қызмет еткен.
Содан 1950 жылы кітапханада Теміржанова Мөкен кітапханашы болып қызмет атқарған,
1960 жылдары кітапханашы болып –Ерғалиева Әмбиға жұмыс стеген.
1970 жылдары Нұрғалиева Гульнар кітапханашы болды Гульнар кітапхана мен қоса өнер жолында да біраз қызмет атқарды.
1982-2017 жылға дейін Біләлова Қарлығаш қызмет атқарды.
2017 жылдан бері Рахимова Зульфия үздіксіз қызмет атқаруда.
Кітапхананың миссиясы:
Ауыл тұрғындарының рухани-мәдени дамуына, білім алуына және ақпаратқа қол жеткізуіне жағдай жасау; ұлттық құндылықтарды, әдеби мұраларды насихаттау арқылы оқырманды кітап оқуға тарту; ауыл қоғамдастығының мәдени орталығы болу.
Мақсаты:
Оқырмандардың ақпараттық және мәдени сұраныстарын қанағаттандыру;
Жергілікті халықтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру;
Балалар мен жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу;
Ұлттық әдебиет пен мәдени мұраны сақтау және насихаттау;
Ауылдық жерде мәдени демалыс пен бос уақытты тиімді ұйымдастыру.
Міндеттері:
- Оқырманға қызмет көрсету
- Кітап қорын жүйелі толықтыру, жаңа әдебиеттерді насихаттау;
- Әдеби кештер, танымдық сағаттар, поэзия кештерін өткізу.
- Анықтамалық-ақпараттық қызмет
- Қажетті ақпаратты дер кезінде ұсыну;
- Атаулы күндер мен мерейтойларға арналған библиографиялық шолулар әзірлеу.
- Мәдени-ағартушылық қызмет
- Халықтық дәстүрлерді, салт-сананы, ұлттық әдебиетті насихаттау;
- .Балалар мен жастарға арналған танымдық іс-шаралар ұйымдастыру.
- Өлкетану бағытындағы жұмыс
- Жергілікті ақын-жазушылардың еңбектерін насихаттау;
- «Мен жерлестеріммен мақтанамын» сияқты жобалар арқылы өлке тарихын таныту.
- Заманауи технологияларды пайдалану
- Электронды ресурстарды қолдану, онлайн қызметтерді дамыту;
- Әлеуметтік желі арқылы кітапхананың қызметін насихаттау.


