Тегісшілдік ауылының кітапханасы

Тоқтар  Әубәкіров атындағы ауыл кітапханасының тарихы.

Көнекөз қарияларымыздың айтуынша алғашқы кітапхана 1950 жылы ауыл басқармасынының ғимаратында ашылған.
Тұрақты  кітапхана штаты болмағандықтан,  жұмысы әркімге бір жүктеліп отырған.
1950 жылдардың ортасында қазіргі уақытта профессор, тарих ғылымының докторы Алдамжұманов Қайдар Сейсенбайұлы кітапханашы болып  қызмет істеген.Одан кейін де екі-үш  кітапханашы аз ғана мерзіммен жұмыс жасаған. 1970 жылы Мұқажанова  Қ ұзақ жылдар бойы  ауыл кітапханасында  еңбек еткен. Сол жылдары ауылда теледидар, радио болмағандықтан, ауыл халқы бос уақыттарын кітапханада кітап оқумен, мерзімді басылымдар беттерін парақтаумен, кітапханашымен әр түрлі тақырыпқа сұхбаттасумен өткізген. Ең көп сұранысқа  ие « Жұлдыз» және « Жалын»  журналдары болған.Қамария апайдан кейін ауыл кітапханасына Жұмақова Күләш 1985 жылы  кітапханашы болып жұмысқа тұрады. Ол өзінің  еңбек жолын 1971 жылы ауыл бөлімшесінен бастаған. Ол кісі табаны күректей 47 жыл кітапхана саласында  жемісті еңбек еткен.2001 жылы отбасы жағдайына байланысты, Күләш апайдың  Қарағандыға көшуіне байланысты Алдажұманова Майра  ауыл кітапханасына 2001-2004 жылдары кітапханашы болып тұрды. 2004 жылдың қыркүйегінен бастап, осы уақытқа дейін  Ермекова Гүлмира Сәдуақасқызы кітапханашы болып қызмет атқарады. Кітапхана мәдениет үйінің 2-ші этажында, типтік ғимаратта орналасқан. Аумағы 120 кв. 10 орындық оқу залы бар. Интернет желісіне қосылған 1 компьютер, 1 телефон іске қосылған. Мерзімді басылымдардан 8 газет ,7 журнал алады. Жаңа кітаптар  түсімі жақсы. Жылына 300-дана кітап  алынады. Оқырман саны-  560 Кітап қоры-  26500.   Заман талабына сай  оқырмандар әр түрлі топқа жатады. Мысалы: балалар ,жасөспірімдер, жұмыскерлер, қызметкерлер, зейнеткерлер т.б . Ауыл кітапханасы  бұдан әрі де  ауыл халқына қалтықсыз  қызмет ете береді.Ауыл кітапханасында оқырмандармен оқырмандар конференциясы, диспуттар, пікірталас кештері, шолулар,т.б шаралар өткізіліп тұрады.Оқырмандар аудандық, облыстық байқауларға қатысып, әр-түрлі марапаттар алып жүр.

👁 Всего посещений: 250