Сарыобалы ауылының кітапханасы

Сарыобалы ауылдық кітапханасы ауылдың рухани өмірінің рухани алтын өзегі.Бұл қасиетті кітап ордасы 1973 жылы өз есігін айқыра ашып, талай ұрпақтың ғылым мен руханиятқа деген сүйіспеншілігін оятты. Кітапхананың алғашқы шамын жаққан жан 1976 жылға дейін қызмет атқарған кітапханашы Әлжанова Гүлһайыр болды. Ол кітапхананың іргетасын қалап, оқырманмен кітап арасындағы алтын көпірді қалыптастырды.1976 жылдан бастап жауапты міндетті Рымкүл Райымбекова қабылдап алып, кітапхананың жұмысын жүйелі түрде дамыта түсті. Ал 1982 жылға дейін Шортанбаева Рымжан кітапханашы қызметін аброймен атқарып, мәдени ошақтың тынысын кеңейтті. 1982 жылдан 2014 жылдың тамыз айына дейін Омарбекова Несіпбала ұзақ жылдар бойы кітапханаға адал еңбек етіп, оның өсіп өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. 2014 жылдың тамыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін Нығыманова Мецрамгүл Жұмагелдіқызы Сарыобалы ауылдық кітапханасында үздіксіз еңбек етіп келеді.Ол кітапхананың заманауи талаптарға сай дамуына күш салып, ауыл тұрғындарының рухани сұранысын қанағаттандыру жолында табанды еңбек етіп жүр. Сарыобалы ауылдық кітапханасының тарихы — өз ісіне адал, руханиятқа жанашыр жандардың еңбегімен өрілген тағылымды жол.




