Абыз ауылының кітапханасы

Абыз ауылының кітапханасы 1955 жылы, бұрынғы Ленин колхозында ашылған .1973 жылы жаңадан мәдениет үйі салынып,сол жылдары кітапхана мәдениет үйіне көшірілген.1955-56 жылы алғаш кітапханашы болып Бахтияров Жаңаберген атамыз жүмыс жасаған.1957-1961 жылдары Абдрахманов Шаймағанбет жұмыс атқарған.1961-1973 жылдары Толеуова Рысты апа кітапханашы қызметін атқарған.19973-1996 жылдары ауылымыздың көп балалы батыр анамыз Сулейменова Тиыштық апамыз кітапхананың кітапханашысы болып,зейнеткерлікке шықты.1996 жылдан бастап осы уақытқа дейін Сакабаева Құралай кітапханашы. 2001 жылы Абыз ауылының театрына Мақат Рымжанов атағы берілді. Қазақстанның өнері мен мәдениетінің өркендеуіне үлес қосқан айтулы тұлғалардың бірі-белгілі қоғам қайраткері Ұлы Отан соғысының ардагері Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері –Мақат Рымжанов. Мақат Рымжанов 1920 жылы Қарқаралы ауданындағы Абыз ауылында дүниеге келген. Кітапхана Мақат Рымжанов атындағы Абыз халық тетрында орналасқан қазіргі таңда кітапханада 6807 кітап қоры бар,оның ішінде қазақшасы 4311 кітап қоры бар.




