Ақ отау клубы

Нұркен ауылы «Ақ отау» қызығыушылар клубы

Қарқаралы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің № 14 филиал Нұркен Әбдіров атындағы  кітапханасының жанына құрылған «Ақ отау» салт –дәстүрді насихаттайтын клубы 1998 жылдың сәуір айының 1 жұлдызында ашылған содан бері « Ақ маржандар» әжелер тобымен , № 10 орта мектеп ұжымы және 16-20 жас     аралығындағы жасөспірімдермен бірігіп жұмыс атқарып келеді. Клуб мәжілісі 1 айда  1 рет өткізіледі.

 Клуб мүшелерін жасөпірімдерге ең таңдаулы әдебиеттерді    оқуды    ұсыныу. Көптеген кітап ортасынан ең таңдаулы, ең    қажетісін іздеп       таба алады. Көркемдік жағынан     дамытып отырады, ұсыну арқылы    өзінің және    басқалардың ой -өрісін дамытуға ықпал жасап отырады. Жастарға ұлттық  салт –дәстүр арқылы тәрбие беру. Жүргізілетін жұмыстар негізінен ұлттық салт  -дәстүрлер    жайында мұндағы көзқарас бір кездегі тоқырау     жылдарындағы   жаппай орыстанудың өзіміздің салт –    дәстүріміздің ұмытып бара жатқанын қайта   жандандырып қыздырады.  Әдемілікке     ептілікке,  білімділікке , ибалыққа , инабатылыққа      тәрбиелеу.   Сондықтан жастардың ұлттық намысын ояту мақсатында  жұмыс жасайды.

Клуб мүшелерінің бүгінгі және болашақ ұрпағымыздың халқымыздың баға жетпес    салт –дәстүрлерін негізінде   тәрбиелеу. «Ақ отау»  қызығыушылар клубы  әр кештерге кездесулерге  белсене қатысып, оны   әсерлі өткізуге ұсынысын    жасап  отыруға міндетті.          

8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күні мерекесіне орай «Әйелдің жүрегі – әлемнің тірегі» атты әдеби кеш, Отбасы күніне орай   «Мықты отбасы мықты мемлекет» атты сыр сұхбат, Еңбек күніне арналған «Еңбек ерлікке бастайды» атты  ауылымызда көп жылдар еңбек еткен  еңбек ардагерлермен кездесу, «Менің шежірем» атты  танымды сағаты ауылымыздың « Ақмаржандар» әжелер тобымен және клуб мүшелерімен осындай іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Асыл қазына  — оқу мен тәрбие бір жерде тоқайласып, бір арнаға құйғанда өз халқының асыл адамгершілік қасиеттерін мәңгі жастар салт – дәстүрімен өнерін, қаны жанына сіңірген ұрпақтың бойында ұлттық сана қалыптасады.

Ұлтжанды азаматтармен Тәуелсіз Еліміздің абыройы асқақ, мәртебесі биік мерей үстем аспаны ашық, бақытты болмақ. Ертеңгі келешегіміз деп қарайтын бүгінгі жасөспірімдерді тәрбиелеуде кітапханашыларға үлкен міндеттер жүктелетіні белгілі.

Жауапкершілікті сезінетін әрбір кітапханашы өз оқырмандарының тәрбие жұмыстарына бойындағы қайраты  мен күш –жігерін аямай, тәуелсіз еліміздің өркениетті ел болып танылыуына адал жүрегімен қызмет етуі абройы міндет. Кез келген  істі бастау бар да, сол бастаған істің нәтижесіне жету бар.

АҚ ОТАУ  клубы бағдарламасының бүгінгі жетістікреге жеткен мақтанышпен жаңа өзгеріс, толықтырулар –мен, жаңа бағытарымен байтылатын болды. Бірақ оның түп негізі сақталатына сеніміз мол.