Сырласу клубы

«Сырласу» клубы – 1997 жылдан бері жұмыс істеп

келеді. Орналасқан жері – Көктас ауылының № 1 филиал кітапханасы.

   -Қыз-келіншектерге арналған тәлім-тәрбиелік клуб.

    Қыз-келіншектерді ерекше аналық мейірімділікке, бауырмалдыққа, әдептілік пен инабатталыққа тәрбиелеуді көздейді: себебі бүгінгі қыз – ертеңгі ана, бүгінгі келіншек – ертеңгі әже, ол ақ отаудың алтын қазығы, ұйтқысы.

 Клуб ұраны:        Келінім – саған айтам,

                                Қызым – сен тыңда!

 Клуб міндеті:  Қазақ халқының ұлын үйлендіріп, қызын ұзатуда ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан өзіндік салт-дәстүрлері бар. Сол дәстүрлерді жастарға насихаттау, сол арқылы халқымыздың бай мәдени мұрасын жадыларына салып, қастерлеп сақтауға сәл септігімізді тигізсек, біздің мақсатымыздың орындалғаны.

Әр клуб мүшелері өз қатарына басқа да оқырмандарды тартуға міндетті  және де кітапханада өтетін барлық шараларға қатысуға міндетті.

Көктас ауылы кітапханасында қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайықты бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне араналған «Мұқағали әлеміне сапар» атты Мұқағали оқулары болып өтті.  Мақсаты: жасөспірімдерді ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, олардың сөйлеу мәдениетін дамыту. Ақынның өлең-жырларын насихаттау, үлгі ету. Шараға мектебіміздің 10 сынып оқушыларынан 15 бала қатысты. Ұстаздары Исина Сағыныш. Шара барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылығы жайлы айтылды. Ақын жайлы естеліктер оқылды.  Мұқағали оқуына дайындалып келген оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. Қызығушылық танытқан оқушыларда болып, сол жерден кітаптарын қолға алып, ақынның өлеңдерін оқыды. Сағыныш мұғалім өз ойын қосып, ақынның өлеңдеріне қысқаша тоқталып өтті. Оқушылар өте бір қызығушылықпен ақын өлеңдерін талқылап, жақсы көңіл-күймен тарқасты.

https://www.facebook.com/share/p/dcib9TthWrjo749s/?mibextid=oFDknk

https://www.facebook.com/share/p/xqWqVYCFz9P77nr8/?mibextid=oFDknk

https://www.facebook.com/share/p/y4tvW4dUP6xsAZTp/?mibextid=oFDknk

Оқу сауаттылығы апталығы : «ХХІ ғасыр-сауатты ұрпақ ғасыры» «Ханталапай» ойынын насихаттау. Мен әкеммен мақтанамын.

№ 4 орта мектепте өткен «Оқу сауаттылығы» апталығына атсалысып, қазақтың дәстүрлі асық ойыны «Ханталапай» жайында отбасылы  видеожазба дайындалды.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=290947397294831&id=100091387185283&mibextid=Nif5oz

«Ғибратты әже» байқауы

Клуб мүшелері ауыл аралық «Ғибратты әже» байқауының өтуіне атсалысып қатысты. Ауыл бойынша 14 әже қатысты. Менің ұлым Жайық әжесімен қатысып, «Парасатты әже» номинациясымен марапатталды.  Өткізудегі мақсат  қазағымыздың салт- дәстүрлерін жастарға насихаттау, сол арқылы халқымыздың бай мәдени мұрасын жадыларына салып, қастерлеп сақтауға  баулу.

Есепті жазған Шаймерденова Асем.