Жас өркен клубы
Жарлы ауылы №4 филиал ауылдық кітапханасының жанынан құрылған «Жас өркен» қызығушылар клубының 2024 жылға арналған жылдық жұмыс жоспары
«Ана деген теңдесі жоқ ұлылықтың жолдары,
Әке деген мирас болар, ізгіліктің жолдары»
Мақсаты:
- Клуб мүшелерін қазақ халқының ұлттық дәстүрлеріне байланысты жаңа кітаптар мен баспасөз бетіндегі жаңалықтармен, мақалаларымен таныстырып отыру;
- Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, оларды өз ойын еркін айта білуге үйрету және білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, бос уақытын ұтымды ұйымдастыруға баулу.
Міндеттері:
• Балалардың бүгінгі таңдағы өміршең проблемаларды саралап, оны талқылай білуге үйрету;
• Білім алушыны белгілі бір тақырыпқа ізденуге, оны ғылыми түрде баяндап беруге дағдыландыру;
• Жасөспірімдердің бойындағы өнерлерін дамыту арқылы жан-жақты жетілдіруге дағдыландыру;
• Мектепішілік іс-шараларға белсене қатысу;
• Балалардың жан-жақты табиғи, интеллектуалды қабілетін дамыту;
• Білім алушылардың арнаулы шығармашылық қабілетін айқындау, дамыту;
• Жеке бастың өнегелік негіздерін, қоршаған ортаға адамгершілігін, қарым-қатынасын қалыптастыру;
• Жеке бастың үздіксіз жетілуіне рухани құндылықтарды дарыта отырып, ішкі қажеттілікті қалыптастыру;
Насихат:
- Жастарға ұлттық салт –дәстүр арқылы тәрбие беру.
- Жүргізілетін жұмыстар негізінен ұлттық салт-дәстүрімізді қайта жандандыру.
- Әдемілікке, ептілікке, білімділікке, ибалыққа, инабатылыққа тәрбиелеу.
Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге үйретудің жолдары:
1. Жаңа әдістерді пайдаланып, балалардың қабілетілік, таланттылық, шығармашылық қасиеттерін неғұрлым толығырақ ашуға, олардың өзара қарым-қатынас жасауға қажетті ықпал ету.
2. Эстетикалық талғамын қалыптастыруға сеп болу.
3. Таным қабілеті, ойлау белсенділігі мен дербестігін ұштау,
4. Білім алушының танымдық-шығармашылық қабілетін, ойлау белсенділігін дамытатын, өз жоба-жорамалын ұсыну, салыстыру негізінде дұрыс шешім табуға жетелейтін әдістерді пайдалану.
5. Балалардың дербестігін қолдану, өз көзқарасын еркін айтуға және ойын бейнелі, көркем айшықты де шешен оралымды пайдалана отырып жеткізуге баулу