Балдәурен клубы
«Балдәурен» әдеби – танымдық клубының ережесі
- Әрбір кітапхана оқырманы клуб мүшелігіне өте алады.
- «Балдәурен» клубының мүшесі міндетті:
- Кітапты сүюге және сақтауға;
- Кітапты кітапханаға уақытылы қайтаруға;
- Жолдастарын кітапханаға шақыруға;
- Өз дүниетанымын кітап арқылы кеңейтуге;
- Клуб жиналыстарына қатысуға.
Клуб мақсаты: Кіші жастағы мектеп оқушыларының кітап оқуға қызығушылығын ояту және бос уақыттарын кітапханада өткізуге талпындыру.
Клуб міндеттері:
- Балалардың оқырман ретіндегі шығармашылық мүмкіндіктерін ояту.
- Оқылған материалды тереңірек түсіндіре отырып, баланың өзіндік мүмкіндіктері мен ойлау қабілетін дамыту.
- Кітап оқу мәдениеті мен кітапты дұрыс ұстауға баулу.
Кітапханалардың клуб жұмысында ұстанатын негізгі бағыттары:
— Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, өз тілін дұрыс меңгеріп, таза сөйлей білуге, ана тілін қастерлеуге тәрбиелеу;
— Оқушылар бойына халқымыздың рухани байлығын сіңірте отырып, ата дәстүрін ардақтауға тәрбиелеу;
— Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным-білімділігін арттыра отырып, әдептілікке, адамгершілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу;
— Оқушыларды кітапты сүюге, оны күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу, кітаптың адам өміріндегі аса маңызды рөлін түсіндіріп, кітапқа деген қызығушылығын арттыру;
— Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау, қоғамды кері кетіретін жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу.