
Кітап апталығы аясында Қарқаралы аудандық балалар кітапханасында Александр Пушкиннің “Капитанская дочка”повесіне 190 жылдығына орай қала басындағы Ә. Ермеков атындағы мектептің кітапханасында 7-сынып оқушыларымен әдеби сағат өтті.
Іс-шара барысында оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен мәлімет алып, оның әйгілі туындыларымен танысты. Сонымен қатар викториналық сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты. Осындай мазмұнды шарамен кітап апталығы өз мәресіне жетіп, жабылу рәсімі өтті. Қатысушыларға алғыс білдіріліп, кітапқа деген қызығушылықты арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табатыны атап өтікізілді.






