
Қарқаралы аудандық балалар кітапханасында 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне арналған шара өтті.
Апталықтың алғашқы күні ерекше әсерге толы болды. Ашық есік күніне Балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығының балалары мен олардың ұстаздары қатысып, оқырмандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Балалар белсенді қатысып, кітап әлеміне деген қызығушылықтарын арттырды.
«Кітаптың құпия әлемін бірге ашайық» атты ашық есік күні барысында кітапхана қызметкерлері балаларға кітапхана қорымен таныстырып, кітап оқудың маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстар жүргізді. Сонымен қатар, түрлі танымдық ойындар, қызықты тапсырмалар және әдеби шолулар ұйымдастырылып, балалар өз білімдерін шыңдап, белсенділік танытты. Қатысушылар кітап кейіпкерлерімен танысып, әсерлі сәттерге толы ерекше тәжірибе алды.





