
Қарқаралы аудандық балалар кітапханасында балалар кітап апталығы аясында Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы бойыншаКонференция өтті.
Бір ел- бір кітап акциясы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығын насихаттау, «Тағдыр» романы арқылы тарихи кезең мен ұлттық болмысты таныту, жас оқырмандардың әдеби талдау және пікір айту дағдыларын дамыту мақсатындаөтті. Іс- шараға қала басындағы “ Мәди Бәпиұлы атындағы #44 ЖББ мектебі КММ -нің 7 сынып оқушылармен мектеп кітапханашысы қатысты.Конференция барысында қатысушылар романның мазмұнына терең үңіліп, кейіпкерлер тағдыры мен тарихи шындық туралы өз ойларымен бөлісті. Оқушылар белсенділік танытып, өз пікірлерін еркін жеткізді.«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.Осындай тағылымы мол шаралар жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді.






