
Саябақтағы сиқырлы кітап скамейкасы
✨ Көңілді оқулар сәті
Кітап апталығы аясында Қарқаралы аудандық балалар кітапханасы орталық саябақта «Саябақтағы сиқырлы кітап скамейкасы» атты көңілді оқулар іс-шарасын ұйымдастырды.
???? Іс-шара аясында қаладағы «Жас Терек» бөбекжай-балабақшасының бүлдіршіндерімен ерекше әрі қызықты кездесу өтті.
Кішкентай оқырмандар кітап әлемімен танысып, қызықты ертегілер тыңдап, түрлі ойындарға белсене қатысты. Балалардың шат күлкісі мен кітапқа деген қызығушылығы іс-шараның басты көркіне айналды.
Осындай тағылымды кездесулер арқылы бүлдіршіндердің кітапқа деген сүйіспеншілігі арта түсетіні сөзсіз.









