
«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Қарқаралы аудандық кітапханасының қызметкерлері Қарқаралы қаласының Мәди Бәпиұлы атындағы №44 тірек мектебі (РО) жанындағы интернат жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізіп, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» романы бойынша библиодесант ұйымдастырды.
Кездесу барысында оқушылар шығарманың мазмұны мен тарихи маңызына тоқталып, кейіпкерлер тағдыры, ел мен жер тақырыбы төңірегінде өз пікірлерін ортаға салды. Роман арқылы ұлттың өткені, тарихи кезеңдер мен адам тағдырының терең байланысы кеңінен талқыланды.
Тағылымды шара жас оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттырып, рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталды.





