
«ҚАЛАМГЕР» КЛУБЫ: «ҚҰЛАГЕР – ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ЖАУҺАРЫ»
Қарқаралы аудандық кітапханасының жанындағы «Қаламгер» қызығушылар клубының кезекті отырысы өтті.
Бұл жолғы басқосу қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Ілияс Жансүгіровтің мәңгілік мұрасына айналған «Құлагер» поэмасын талқылауға арналды. Қатысушылар шығарма мазмұнына терең бойлап, ақынның көркемдік шеберлігі, поэмадағы тарихи оқиғалар мен кейіпкерлер тағдыры жөнінде өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Кездесуге Академик О.А. Жәутіков атындағы №1 жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің кітапханашысы Сламбекова Гүлдананың жетекшілігімен және Мәди Бәпиұлы атындағы №44 мектеп-интернаттың кітапханашысы Назарова Мейрамгүлдің жетекшілігімен 9–10-сынып оқушылары қатысты.
Сонымен қатар басқосуға Қарқаралы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Айнаш Түсіпжанқызы және Жастар ресурстық орталығының конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау секторының меңгерушісі Мұхаммед Серікұлы қатысып, шығарма төңірегінде өз ойларын ортаға салды.
Осындай әдеби кездесулер жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, ұлттық әдеби мұраға деген құрметін қалыптастыратыны сөзсіз.
???? Кітап оқыған ұрпақ – рухани бай ұрпақ!



