РУХАНИЯТ ШЫРАҚШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ!

Қарқаралы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашылары Республика күні мерекесіне орай мәдениет саласын дамытуға қосқан үлестері үшін Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының марапаттарына ие болды.

Теректі ауылдық кітапханасының кітапханашысы Бодешова Майгүл Ақынқызы Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Құрмет грамотасымен, Ақтасты ауылдық кітапханасының кітапханашысы Рахимова Зульфия Аллабергенқызы Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Алғыс хатымен марапатталды????????

Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз арта берсін! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тілейміз!????????

👁 Всего посещений: 872