Жас оқырмандар Құнанбай қажы мешітінің тарихымен танысты

Тарихтың тасқа басқан өрнегіндей болған қасиетті Құнанбай қажы мешітінің іргетасы қаланғанына бір ғасырдан асып, 175 жыл толды. Осы мерейлі де тарихи белеске орай, өлке руханияты мен сөз өнерін тоғыстырған тағылымды танымдық сапар өтті.
Аты аңызға айналған қарашаңыраққа барған «Қаламгер» қызығушылар клубының мүшелерімен бірге О. Жаутіков атындағы қазақ мектебі және М. Бәпиұлы атындағы #44 мектептің жас өрендері, ұстаздар мен кітапханашылар қауымы тағзым етті.

Рухани басқосуда «Қаламгер» клубының жетекшісі Қанат Мұхамед Серікұлы ұрпақтар сабақтастығын сөз етіп, киелі мешіттің бай тарихын, ағартушылық миссиясы мен сәулеттік сыр-сипатын тереңнен баяндап берді. Бұған мешіттің бас имамы Митератбек Орынбекұлы да қосымша мәлімет айтып, қызықты деректермен бөлісті.

Ғасырлар куәсі болған мешіт сапары жас дарындардың бойына сөз өнері мен ел тарихына деген сүйіспеншілік ұялатқан ерекше рухани шара болды.

👁 Всего посещений: 672