
Отбасы – өмірдің ең қымбат қазынасы!
Отбасы күніне орай Қарқаралы аудандық кітапханасында отбасы құндылықтарын, ұлттық тәрбиені және ұрпақтар сабақтастығын насихаттауға арналған «Отбасы – бақыт мекені» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге отбасы тәрбиесі, ұлттық салт-дәстүр, ата-ана мен бала арасындағы сыйластық пен рухани құндылықтарды арқау еткен көркем және танымдық әдебиеттер қойылды.
Сіздерді кітап көрмесін тамашалап, отбасы жылуын кітаппен бірге сезінуге шақырамыз!



