
«ҚАРҚАРАЛЫ ҚҰШАҒЫНДА: ӨЗ ӨЛКЕҢДІ ТАНЫТ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ!
04 қыркүйек күні Қарқаралы аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Қарқаралы құшағында: өз өлкеңді таныт» онлайн промо-роликтер байқауының жеңімпаздары мен қатысушылары марапатталды.
Байқаудың қорытындысы 28 тамыз күні жасалып, үздік жұмыстар анықталған болатын.
Айтулы шара Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні және Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі қарсаңында өтті. Туған өлке тарихын дәріптеп, жастардың шығармашылық қабілетін дамыту — өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің жарқын көрінісі.
БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ:
Бас жүлде — Жанабай Еркеназ, Қасым ауылы.
1 орын — Төлеу Нұрай, Қызылту ауылы.
2 орын — Тлеубек Нұрмұхаммед, Нұркен ауылы; Төкен Дариға, Қарқаралы қаласы.
3 орын — Марат Бақдәулет, Қарағаш ауылы; Болат Толғанай, Ақбай–Қызылбай ауылы; Амангелді Ақжарқын, Томар ауылы.
«Көрермен көзайымы» номинациясы — Нұржанқызы Нұрай, Қарқаралы қаласы.
Сонымен қатар байқауға белсенді қатысқан жастарға ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Шараға Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары Ілияш Нұржан Ағыбайұлы, Қарқаралы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Искакова Жазира Қапышқызы, сондай-ақ байқаудың басты демеушісі әрі серіктесі — Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өкілі Еркен Аружан Ерланқызы қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары Ілияш Нұржан Ағыбайұлы байқаудың жоғары деңгейде өтуіне елеулі үлес қосқан Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ұжымына Алғыс хат табыстады.
Құттықтау сөз сөйлеген қонақтар қатарында Жастар ресурстық орталығының басшысы, мобилограф Дархан Болатұлы, М.Әдекенов атындағы ауылшаруашылық колледжінің директоры Арғын Серікұлы және Қарқаралы тарихи-өлкетану музейінің директоры Назым Болатқызы болды.
Шара соңында өнер мектебінің оқушысы Даулетов Адильжан Серік Ақсұңқарұлының «Шайтанкөл» әнін орындап, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Барша жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз!
Туған өлкені танытуға бағытталған шығармашылық ізденістеріңізге толағай табыс тілейміз!




















