
Ұлт рухы ұлықталған байқау
Қарқаралы аудандық кітапхана жанынан құрылған «Қаламгер» қызығушылар клубының ұйымдастыруымен «Қарқаралы — Алаш қайраткерлерінің ізі қалған өлке» атты өлкетану бағытындағы эссе жазу байқауы өз мәресіне жетті.
Тарихтың терең қойнауынан сыр шертіп, бабалар аманатын арқалаған жас өрендердің шығармашылық жұмыстарын қазылар алқасы 12 мамыр күні тікелей эфир форматында сарапқа салып, әділ бағасын берді. Байқау барысында ұлттық құндылықтар мен тарихи жадының жаңғыруына басымдық берілді.
Байқау қорытындысы бойынша,
жалпы білім бәйгесіне 25 үміткер қатысып, соның ішінен оқ бойы озық шыққан 5 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Жүлдегерлер 14 мамыр күні кітапханада марапатталды.
Бас жүлде: Марат Кәусар (Қасым ауылы)
І орын: Тілепбек Айсұлу (Жаңатоған ауылы)
ІІ орын: Жанахмет Әлинұр (Көктас ауылы)
ІІІ орын: Айымбет Шұғыла (Жаңатоған ауылы)
ІІІ орын: Мұратова Айсу (Мәди ауылы)
Өзге қатысушылар шығармашылық ізденістері үшін арнайы «Алғыс хаттармен» марапатталды.
Алаш арыстарының қасиетті мұрасын қастерлеп, тарих қойнауына үңілген әрбір қатысушыға алғысымыз шексіз. Ұлт рухын бойына сіңірген жас ұрпақтың келешегі жарқын болсын!








