Ғарышқа самғаған қазақ қыраны

Қазақтың тұңғыш ғарышкері, Тоқтар Әубәкіровнің 80 жылдық мерейтойына орай Қарқаралы қаласындағы Шолпан Жандарбекова атындағы мәдениет үйінде Кизкин Аян Сәулебайұлының «Ғасыр саңлағы» атты қойылымы сахналанды.

Аталған мәдени шара аясында Қарқаралы аудандық кітапханасы «Ғарышқа самғаған қазақ қыраны» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге «Жүз жиырма тұңғыш», Аян Кизкиннің «Ғасыр саңлағы», Талғат Сүйінбайдың «Тұңғыш», Евгений Хруновтың «Покорение невесомости» және басқа да ғарыш тақырыбына арналған құнды кітаптар қойылды.

Қойылымға келген көрермендер кітап көрмесін үлкен қызығушылықпен тамашалап, жоғары бағаларын берді. Оқырмандар ұсынылған әдебиеттерге қызығушылық танытып, бірқатар кітаптарға сұраныс білдірді.

Сонымен қатар, іс-шара барысында Тоқтар Әубәкіровтің туған-туыстары, әріптестері мен жақын жандары құрметпен қарсы алынды. Тағылымы мол кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

👁 Всего посещений: 123