
Кітап – тағдырлар тоғысқан өмір айнасы
Қарқаралы аудандық кітапханасының қызметкерлері Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында көрнекті жазушының «Тағдыр» романы бойынша «Библио-десант» ұйымдастырды.
Іс-шара барысында қатысушылар романның негізгі идеясы, кейіпкерлер тағдыры мен шығарманың тәрбиелік мәні жайында пікір алмасты. Кітапханашылар шығарма туралы қызықты мәліметтер ұсынып, оқырмандарды мазмұнды әңгімеге тартты.
Мұндай кездесулер аға буынның кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, рухани құндылықтарды дәріптеуге, әдебиет арқылы өмірлік тәжірибе мен ой бөлісуге мүмкіндік береді.
???? Кітаппен бірге тағылымды өмірге қадам басайық!



