
Кітап – рухани қазына, ал автор қолтаңбасымен сыйланған кітап – ерекше құндылық!
Қарқаралы аудандық кітапханасына ақын, қаламгер Алдоңғарова Алмагүлдің жеке сыйы – «Көңілдің қос пернесі» атты кітабы табысталды.
Бұл кітап – адам жанының нәзік сырларын, өмірдің мәнін, ізгілік пен сезім әлемін терең бейнелейтін тағылымды туынды. Авторға осындай бағалы сыйы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
Жаңа кітап оқырмандарымыздың жүрегінен орын алып, рухани дүниесін байыта түсетініне сенімдіміз.
Ізгі ниетіңіз бен шығармашылық шабыттарыңыз арта берсін!



