ҚАРҒЫН – АҒЫСҚА БАҒЫНБАҒАН ҒҰМЫР

Қарқаралы аудандық кітапханасында «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында жазушы Дулат Исабековтің «Қарғын» романына арналған әдеби кітап талқылау өтті????

Тағылымды шараға «Қаламгер» қызығушылар клубының мүшелері, «Кітап оқитын зияткер» бағыты бойынша қатысушы оқырмандар, Қарқаралы тарихи-өлкетану музейі мен Қарқаралы ауданының мемлекеттік архивінің қызметкерлері және кітапханашылар қатысты.
Кітап талқылау барысында қатысушылар жазушының «Қарғын» романын жан-жақты талдап, шығарманың негізгі идеясы, кейіпкерлердің болмысы, адамгершілік құндылықтар мен өмірлік ұстанымдар төңірегінде ой қозғады. Оқырмандар туындыдан алған әсерлерімен бөлісіп, өз пікірлері мен тұжырымдарын ортаға салды.
Көркем шығарма арқылы адам жанының күрделі иірімдерін, қоғам мен жеке тұлға арасындағы қарым-қатынасты терең түсінуге мүмкіндік берген кездесу мазмұнды пікір алмасу алаңына айналды.

Шараның басты мақсаты – көркем әдебиетке деген қызығушылықты арттыру, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және оқырмандар арасында рухани-мәдени байланысты нығайту.

Кітап оқыған ұлт – ойлы ұлт, рухани бай ұлт!✨

👁 Всего посещений: 948