ҚАРҚАРАЛЫДА АЛҒАШ РЕТ «ҚАЗАҚША КУИЗ» ӨТТІ

20 қараша күні Қарқаралы аудандық кітапханасы мен @iqas qaragandy бірлесіп, «Кітап оқитын ұлт» марафоны аясында Жастар ресурстық орталығында @karkaraly jastary қазақ тіліндегі интеллектуалды «Қазақша куиз» ойынын өткізді.

Зияткерлік сайысқа 5 адамнан құралған 12 команда қатысып, білім, тапқырлық, логика және жылдам ойлау қабілеттерін сынады. Қатысушылар қызықты сұрақтарға жауап беріп, өзара интеллектуалды бәсекеге түсті.

Сайыс қорытындысы бойынша:

І орын – «Парасат» командасы Қарқаралы аудандық білім бөлімі

ІІ орын — «Ғибрат» командасы Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен мәдениет үйі

III орын – «Шабыт» командасы Қарқаралы балалар өнер мектебі

«Кітап оқитын ұлт» марафоны аясында ұйымдастырылған бұл шара білімді дәріптеу, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және интеллектуалды ойындар арқылы қатысушылардың таным көкжиегін арттыруға бағытталды.
Іс-шараның өтуіне қолдау көрсеткен демеушілерімізге шынайы алғыс білдіреміз! @natige_milk, kurabie natige, Нұркен ауылының «Әлназар» қымызы және ВаiQymyz — 2026 гастрофестивалінің жеңімпазы @aqterek qymyzy қолдау көрсетіп, сайыстың көркін келтіргені үшін рақмет!

Барлық қатысушыларға белсенділік пен тамаша ойын үшін алғыс айтамыз! Жеңімпаз командаларды құттықтаймыз!

Білімді ұлт – кітап оқитын ұлт!

Қазақша ойлайық, қазақша сөйлейік, қазақша ойнайық!

👁 Всего посещений: 948