
Дүниежүзілік кітап күні
23 сәуір-Дүниежүзілік кітап күніне орай оқырмандарды кітап оқуға тарту мақсатында аудандық кітапханада М.Әдекенов атындағы Қарқаралы ауылшаруашылық колледж студенттері мен А.Ермеков атындағы №2 орта мектептің жоғары сынып оқушыларымен Ашық есік күні өтті. Шара барысында «Кітаппен бірге жаңа әлем ашамыз»атты көрмеге шолу жүргізіліп,ойындар ойнатылды.