
Қарқаралы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!» атты челленджді Шахтинск орталықтандырылған кітапханалар жүйесінен қабылдап алды.
Эстафета әрі қарай Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасына жолданды. Бұл игі бастама кітапханалар арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, қоғамның барлық мүшелерін ортақ мерекеге тартуды көздейді.
Наурыз – жаңару мен жақсылықтың бастауы. Осы челлендж арқылы халықтың бірлігін, ұлттық құндылықтарға деген құрметін көрсету маңызды. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!