Аудандық кітапханада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұмытылмас ерлік — ұрпаққа аманат» атты ардагерлер ұрпақтарымен патриоттық кеш өткізілді.

Аудандық кітапханада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұмытылмас ерлік — ұрпаққа аманат» атты ардагерлер ұрпақтарымен патриоттық кеш өткізілді. Шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері Мусатаев Жақия атамыздың қызы — Раушан Жақияқызы, Аманбаев Сұлтан атамыздың қызы — Гаухар Хасенқызы, Оспанов Түсіп атамыздың қызы — Татьяна Түсіпқызы арнайы шақырылды. Кешке Қарқаралы ауылшаруашылық колледжінің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы Әзімбаев Олжас Дәулетұлы мен колледж студенттері, «Шаңырақ» көпбалалы аналарды қолдау орталығының басшысы Махмутова Гүлнәр Өмірзаққызы, О.А.Жәутіков атындағы #1 орта мектебінің 9 сынып оқушылары мен кітапханашы Гүлдана Нығметқызы қатысты.
Батыр аталарымыздың балалары әкелерінің өмір жолымен, соғыс кезіндегі естеліктермен бөлісті. Жастарға ақыл-өсиеттерін айтып, баталарын берді.
Қарқаралы өнер мектебінің ұстазы Үйсінбаев Бақытжан әсем әнімен кештің шарайын келтірсе, «Қаламгер» қызығушылар клубының мүшелері жеңіс туралы өлеңдер оқыды.
«Шаңырақ» көпбалалы аналарды қолдау орталығы мен кітапхана ұжымы бірлесіп өткізген шараның соңында, келген қонақтарға сый сыяпат көрсетілді.

Патриоттық тәрбие беру мен ұлтжанды азаматтарды қалыптастыру, ел тарихын насихаттау мақсатында өткізілген шара өз мәтінде өтті