
1 Мамыр – бұл елімізде бейбітшілік пен келісімді дәріптейтін маңызды мереке.
1 Мамыр – бұл елімізде бейбітшілік пен келісімді дәріптейтін маңызды мереке. Бұл күн – Қазақстанда тұратын түрлі ұлттар мен ұлыстардың достығы мен татулығының символы. Біздің елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр.
Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен бұл мереке көпұлтты еліміздің басты құндылықтарының бірі – ұлтаралық татулық пен бірлікті нығайтуға бағытталған.


