ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 80-ЖЫЛ

Мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде келді.
«Отан» атты ыстық ұғым, тәтті сөз қарсы келген дұшпанға қаймықпай қарауға жігер берді. Қарқаралы аудандық балалар кітапханасы барлық оқырмандарын Ұлы Жеңіс күнімен құттықтайды!
Ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, ерлікке тағзым ету мақсатында 9 Мамыр – Жеңіс күніне арналған «Жеңістің рухы биік, даңқы мәңгілік» атты мерекелік кеші өтті.
Іс-шараға Соғыс ардагері Мұсатаев Жакия атамыздың қызы, жылдар бойы аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі болған, кітапхана ардагері Раушан Жақияқызы, жазушы өлкетанушы, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, архив саласының үздігі Оспанов Саят Қуанышбекұлы, зейнеткер ұстаз Оспанова Мариям Толеухановна, тарихи-өлкетану ғылыми қызметкері Сәтбек Қабиденұлы сынды елге еңбегі сіңген азаматтар және #1Жәутіков атындағы қазақ орта мектебінің 1сынып оқушылары мен сынып жетекшісі қазак мектебінің муғалімі Карлыға Барисовна, Жас сарбаздар жетекшісі ,ұстаз Ералин Дулат Мергалиевич,
Отан соғысы ардагерінің немересі Айдана Дулатқызы қатысты.
Іс-шара барысында «Ешкім де ештеңе де ұмытылмайды»атты бейнебаян көрсетіліп оқушылар патриоттық әндер шырқап, өлеңдер оқыды.
«Жеңістің рухы биік,даңқы мәңгілік»атты кітап бұрышы жасақталды.
Кеш соңында қатысушылар бейбітшілік пен тыныштық тілеп, ардагерлерге алғыс білдірді.