
Аудандық кітапханада Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай “Ата Заң — асыл мұраттар бастауы” атты патриоттық тәрбие кеші өткізілді.
Шараға тарихи-өлкетану музейінің кіші ғылыми қызметкері Сәтбек Қабиденұлы, аудандық полиция бөлімі, жергілікті полиция қызмет бөлімшесі, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі тобының аға инспекторы, полиция майоры Елубаева Айжан, жергілікті полиция қызмет бөлімшесі, әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция капитаны Мұсабек Әсемдер қатысты. Конституция күніне арналған бейнебаян көрсетіліп, оқырмандармен “Конституцияны қаншалықты білесіз?” атты викторина ойыны ойнатылды. Шара қонақтары адам құқықтары мен бостандықтары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізілді. “Ата Заңым — айбарым” атты кітап көрмесіне шолу жасалды.







