Құттықтаймыз!!!

24 қазан күні «Кітапханашылар күні» қарсаңында, бүгін, «Сарыжайлау» кинотеатрының залында «Менің мамандығым – менің таңдауым» атты облыстық шарада Қарқаралы аудандық кітапханалар жүйесінің директоры Мұқанова Айнаш Түсіпжанқызы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің «Құрмет Грамотасымен марапатталды.
Қарағайлы кентінің балалар кітапханасының кітапханашысы Искакова Қымбат Қабдікәрімқызына «Мәдениет саласының кәсіподақ үздігі» төсбелгісі табысталды.
Аудандық кітапхананың кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінің кітапханашысы Жамкеева Жазира Жолтайқызы – Қарағанды облысының Мәдениет және архивтер басқармасының Алғыс хатымен марапатталса, Сарыобалы ауылдық кітапханасының кітапханашысы Нығыманова Мейрамгүл Жұмагелдіқызы Қарағанды облыс әкімінің «Ауылдық үздік кітапханашысы» номинациясының иегері атанды.
Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіз ұлттың зердесін байытып, жас ұрпақтың танымдылығын кеңейтуге зор үлес қосуда.
Сіздерге зор денсаулық, отбасылық береке, шығармашылық шабыт және кәсіби табыстар тілейміз!