
24 қазан – кітапханашылар күні!
Бұл күн – рухани байлықтың, білім мен мәдениеттің алтын қазынасын сақтап, келер ұрпаққа жеткізуші абзал жандардың мерекесі. Кітапханашы – тек кітап сақтаушы ғана емес, ол – оқырман мен білім әлемінің арасындағы алтын көпір.
Осы мерекеге орай бүгін кітапханашыларды марапаттау рәсімі өткізілді. Өз кәсібіне адал, мәдениет пен ағартушылық жолында еңбек етіп жүрген кітапханашылардың еңбегі лайықты бағаланды.
Барлық кітапханашыларды кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!
Сіздерге шығармашылық шабыт, зор денсаулық, жаңа жетістіктер мен оқырмандардың ыстық ықыласын тілейміз!

















