
«Рәміздер – ұлт мақтанышы»
Аудандық кітапханада Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің маңызы мен мәнін насихаттау мақсатында «Рәміздер – ұлт мақтанышы» атты патриоттық сағат өткізілді.
✨ Бұл күн – Тәуелсіз еліміздің қасиетті нышандары саналатын Туымызға, Елтаңбамызға және Әнұранымызға деген құрметті арттыратын ерекше мереке.
???? Арнайы шақыртылған еріктілер мен тұрақты оқырмандарымыздың қатысуымен өткен шара барысында мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы, олардың авторлары және терең мазмұны жайлы кеңінен ақпарат берілді. Қатысушылар рәміздердің ел бірлігі мен тәуелсіздігінің белгісі екендігі туралы мағыналы мәліметтермен танысты.
????Сонымен қатар, «Рәміздер – ұлт мақтанышы» атты көрме ұйымдастырылып, көрермендерге библиографиялық шолу жүргізілді.
???? Шара өз мәнінде өтіп, қатысушылардың патриоттық сезімін арттырып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметін нығайта түсті.
???????? Рәміздеріміз – елдігіміздің айғағы, тәуелсіздігіміздің тұғыры!



