Рубрика Жаңалықтар

Тамылжыған тамыз кешінде Қарқаралы қаласының Орталық саябағында Абай күніне орай «Махаббатсыз – дүние бос…» атты түнгі әдеби-сазды кеш өтті

Қарқаралы аудандық кітапханасының ұйытқы болуымен ұйымдастырылған бұл рухани жиын арайлы саябақтың әсем құшағында тұрғындар мен қала қонақтарының басын қосып, ұлы ақынның рухына тағзым еткен тағылымды кездесуге айналды. ​Салтанатты шараның ашылуында Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары Нұржан Ағыбайұлы Ілияш сөз сөйлеп, жиналған…

Библио-десант: мұрағат қызметкерлерімен рухани кездесу

Қарқаралы аудандық кітапханасының кітапханашылары «Қарқаралы ауданының мемлекеттік архиві» ММ қызметкерлеріне көрнекті жазушы Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романын таныстырды. Кездесу барысында шығарманың тарихи маңызы, ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі орны, қазақ халқының тағдыры мен өткен кезеңнің шынайы көрінісі кеңінен сөз болды. Қатысушылар романның мазмұнымен…

Сапарғали Ләмбекұлы – ел тарихында өшпес із қалдырған тұлға

Бүгін, 10 шілде күні, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жерлес қаламгер Сапарғали Ләмбековтың 90 жылдығына арналған еске алу кешінде «Сапарғали Ләмбекұлы – ел тарихында өшпес із қалдырған тұлға» атты аудандық эссе байқауының жеңімпаздары жазушының ұрпақтары атынан салтанатты түрде марапатталды. Еске сала…

Қарқаралыға тарихи-танымдық экспедиция келді

Өңірде «Қарағанды қыраты – ғасырлар қазынасы» атты ғылыми-зерттеу экспедициясы жұмыс істеп жатыр. Жұмыс тобының негізгі мақсаты — облыстағы елді мекендер мен географиялық нысандар атауларының тарихын анықтап, жүйелеу. Экспедиция аясында көнекөз қариялармен сұхбаттар жүргізіліп, тарихи нысандар фото-бейнетаспаға түсірілуде. Зерттеу қорытындысы бойынша…

Балаңыз жазда кітап оқып жүр ме?

​Қарқаралы аудандық кітапханасына келген Мәди Бәпиұлы атындағы №44 тірек мектебі жанындағы жазғы лагерь оқушылары бұл сұраққа сенімді түрде «ИӘ!» деп жауап бере алады. Себебі олар бүгін кітапханаға арнайы саяхат жасады! ​Кітапханашы Құралай Адишева балаларға кітапхананың ең қызықты бұрыштарын көрсетіп, көрсетілетін…

«Рәміздер – ұлт мақтанышы»

Аудандық кітапханада Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің маңызы мен мәнін насихаттау мақсатында «Рәміздер – ұлт мақтанышы» атты патриоттық сағат өткізілді. ✨ Бұл күн – Тәуелсіз еліміздің қасиетті нышандары саналатын Туымызға, Елтаңбамызға және Әнұранымызға деген құрметті арттыратын ерекше мереке. ???? Арнайы шақыртылған…

Бүгін, мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай салтанатты шара өтті.

Жиында аудан әкімінің орынбасары Нұржан Ағыбайұлы, мәслихат төрағасы Саят Қайратұлы, қоғамдық кеңес төрағасы Сайлау Әлиұлы және ардагерлер кеңесінің төрағасы Несіпхан Жақанұлы сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтап, руханиятты дамытуға қосқан қажырлы еңбектері үшін алғыс білдірді. ​Мерекелік марапаттау рәсімінде өңір мәдениеті мен…

Қарқаралы аудандық кітапханасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа аманат» атты патриоттық сағат өтті.

Ең алдымен, соғыста ерлік көрсеткен батыр аталарымыздың рухына тағзым етіліп, 1 минут үнсіздік жарияланды. Аталмыш шараға Ұлы Отан соғысының ардагері Апсалямов Бақи атамыздың ұлы Рауль Бақиұлы мен соғыс ардагері Аманбаев Сұлтан атамыздың қызы Шекер Сұлтанқызы қатысып, әкелерінің ерлікке толы өмір…

Жаңа кітап сыйға алдық

Қарқаралы аудандық кітапханасына көп жылғы тұрақты оқырман болған, бүгінде марқұм Егізбай Тілеуғазы ағамыздың қызы әкесінен қалған кітаптарын естелік ретінде кітапхана қорына табыстады. Бұл – әке аманатына деген адалдықтың, рухани құндылыққа деген құрметтің айқын көрінісі. Кітап арқылы жалғасқан бұл байланыс –…

Рухани қазынаға толы тарту!

​Бүгін Қарқаралы аудандық кітапханасының қоры өте құнды, тарихи басылымдармен толықты. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының атынан Бұрханов Бимурад және Досымбетов Нұрлыбек мырзалар арнайы келіп,​«История Карагандинской области» (IX том, 2025 ж.) — өлкеміздің шежіресі мен​«Репрессированные баи Казахстана» (2026 ж.)…

👁 Всего посещений: 123