Қарқаралы аудандық кітапханасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа аманат» атты патриоттық сағат өтті.

Ең алдымен, соғыста ерлік көрсеткен батыр аталарымыздың рухына тағзым етіліп, 1 минут үнсіздік жарияланды.

Аталмыш шараға Ұлы Отан соғысының ардагері Апсалямов Бақи атамыздың ұлы Рауль Бақиұлы мен соғыс ардагері Аманбаев Сұлтан атамыздың қызы Шекер Сұлтанқызы қатысып, әкелерінің ерлікке толы өмір жолынан тағылымды естеліктерімен бөлісті.

Сонымен қатар, №1 О. Жәутіков атындағы ЖББ мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Бауыржан Арманұлы, М. Әдекенов атындағы ауылшаруашылық колледжінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Олжас Дәулетұлы және тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Сәтбек Ғабиденұлы қатысып, елін қорғаған ерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті.

Балалар өнер мектебінің оқушысы Құсайын Ерланның жүрек тебірентерлік «Туған жер» әні кештің әсерін арттыра түсті.

Кітап көрмесіне шолу жасалып, Бауыржан Момышұлының «Курляндия майданы», «Куба әскері», «Айтылмаған ақиқат», Тахауи Ахтановтың «Қаһарлы күндер» шығармалары мен соғыс ардагерлерінің естелік, жинақ кітаптары насихатталды, «Ерлік ешқашан ұмытылмайды» атты бейне көрсетілім ұсынылды.

Осындай тағылымды шаралар өскелең ұрпақтың бойында елге деген сүйіспеншілік пен ерлікке деген құрметті арттырары сөзсіз.

👁 Всего посещений: 125