
Библио-десант: мұрағат қызметкерлерімен рухани кездесу
Қарқаралы аудандық кітапханасының кітапханашылары «Қарқаралы ауданының мемлекеттік архиві» ММ қызметкерлеріне көрнекті жазушы Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романын таныстырды.
Кездесу барысында шығарманың тарихи маңызы, ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі орны, қазақ халқының тағдыры мен өткен кезеңнің шынайы көрінісі кеңінен сөз болды. Қатысушылар романның мазмұнымен танысып, шығарма төңірегінде өз ойларымен бөлісті.
Мұндай библио-десанттар кітап оқуға деген қызығушылықты арттырып, ұлттық әдебиетті насихаттауға өз үлесін қосады.










