Сапарғали Ләмбекұлы – ел тарихында өшпес із қалдырған тұлға

Бүгін, 10 шілде күні, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жерлес қаламгер Сапарғали Ләмбековтың 90 жылдығына арналған еске алу кешінде «Сапарғали Ләмбекұлы – ел тарихында өшпес із қалдырған тұлға» атты аудандық эссе байқауының жеңімпаздары жазушының ұрпақтары атынан салтанатты түрде марапатталды.

Еске сала кетсек, 24 сәуір күні Қарқаралы аудандық кітапханасында өткен байқау жазушының өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып, оған 15–16 жас аралығындағы 17 оқырман қатысып, өз шығармашылықтарын танытқан болатын.

Бас жүлде – Талды ауылының оқырманы Марат Кәусар
І орын – Томар ауылының оқырманы Ержанқызы Кәусар
ІІ орын – Ақжол ауылының оқырманы Диана Мұқашева, Ақтерек ауылының оқырманы Елдар Ермекұлы
ІІІ орын – Қарағайлы кентінің оқырманы Айлана Айткен, Татан ауылының оқырманы Кәусар Сембай, Қарқаралы қаласының оқырманы Гүлсезім Әмірбек

    Сондай-ақ, байқауға қатысқан өзге қатысушыларға да Алғыс хаттар мен сыйлық табысталып, олардың шығармашылық ізденістері жоғары бағаланды.

    Еске алу кеші барысында ауданның зиялы қауым өкілдері мен белгілі азаматтар сөз сөйлеп, Сапарғали Ләмбековтың өнегелі ғұмыры, шығармашылық мұрасы мен ел руханиятына қосқан өлшеусіз үлесі жайында тағылымды естеліктерімен бөлісті.

    👁 Всего посещений: 123